Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 «Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 «Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7531-14 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
10 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
2. «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметт»к бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы
М. Омаргалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.