Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 шілде 2025 ж.

    Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің Сарыкемер ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

    К.Орынқұлов көшесінің 2-бұрылысы Жүсіп Баласағұн көшесіне;

    К.Орынқұлов көшесінің 3-бұрылысы Махмуд Қашқари көшесіне;

    К.Орынқұлов көшесінің 4-бұрылысы Қожа Ахмет Йассауи көшесіне;

    К.Орынқұлов көшесінің 5-бұрылысы Әйтеке би көшесіне;

    К.Орынқұлов көшесінің 6-бұрылысы Қазыбек би көшесіне;

    Байзақ батыр бұрылысы Мәңгілік Ел көшесіне;

    Сәкен Сейфуллин бұрылысы Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;

    Көлқайнар бұрылысы Домалақ ана көшесіне;

    Қаныш Сәтбаев бұрылысы Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

    Дінмұхамед Қонаев бұрылысы Томирис көшесіне;

    Қайрат Рысқұлбеков бұрылысы Бейбарыс сұлтан көшесіне;

    Бәйдібек баба бұрылысы Талас көшесіне;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сарыкемер ауылдық округінің әкімі

    Е. Заурбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.