«Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2025 ж.

    «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

    2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын

    3. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2025 жылғы 29 тамыздағы

    № 339

    бұйрығына 1-қосымша

    Ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 25-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңнамада немесе жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерінде көзделген қаражат, республикалық бюджетте (одан әрі- субсидиялар) бекітілген сомалар шегінде республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар есебінен және шегінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – сумен жабдықтау жүйелері) бекіткен тізбелер бойынша (бұдан әрі – субсидиялар) ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларының тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) әкімші – тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін, облыс әкімі айқындайтын облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

    2) бюджет қаражатын алушылар –бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы бюджет қаражатын алатын және оларды мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

    3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

    4) орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларға ауызсу алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, беруге және таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

    5) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі – ауызсуды құбыржолдар бойынша тасымалдаусыз алуға, дайындауға, сақтауға және беруге арналған су тарту және су тазарту құрылыстары.

    6) өтінім – табиғи монополия субъектісінің тарифті бекіту туралы уәкілетті органға жүгінуі;

    7) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;;

    8) су пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығы бар және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;

    9) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;

    10) су шаруашылығы ұйымдары - қызметi су ресурстарын реттеумен, жеткiзумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен, су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстарды дамытумен және пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;

    11) табиғи монополия субъектісі – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

    12) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

    13) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

    3. Субсидиялар суды ауызсу жағдайына жеткізу үшін сумен жабдықтау және (немесе)су бұру жөніндегі ұйымның бөлу нүктелеріне су ресурстарын реттейтін және жеткізетін су шаруашылығы ұйымына және (немесе) өз мұқтаждарын қанағаттандыру үшін халыққа өткізілген ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын толық немесе ішінара өтеу және (немесе) құнын арзандату үшін облыстың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбе бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға арналған.

    4. Су шаруашылығы ұйымдары және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдары үшін ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйесі тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшері:

    1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру Қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 90 тарифтерді қалыптастыру Қағидалары) сәйкес табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменті бекіткен сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тариф арасындағы айырма ретінде және Су кодексінің 25-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйесі тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйесі тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінің халыққа берілген ауызсудың 1 (бір) текше метрі үшін төлемақының бекітілген мөлшері ретінде;

    2) одан әрі тазартуды және оны ауызсу тұтыну жағдайына жеткізуді талап ететін берілген судың 1 (бір) текше метрі № 90 тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменті бекіткен магистральдық құбыржолдары арқылы су беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтен 100 (жүз) пайыздық мөлшерде субсидияланады және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелен) (бұдан әрі - № 66-НҚ тарифтерді қалыптастыру Қағидалары) тәртібіне сәйкес каналдар арқылы;

    3) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың 1 (бір) текше метрі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен белгіленген және Әкімшімен келісілген және Әдістемеге сәйкес берілген ауызсудың 1 бір текше метрі үшін бекітілген төлем мөлшері арасындағы айырма есебінен субсидияланады.

    2-тарау. Субсидия алу тәртібі

    5. Су шаруашылығы ұйымы және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым субсидия алу үшін әкімшіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға қажеттілігі бойынша өтінім (бұдан әрі-Өтінім) мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:

    1) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің немесе су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы бұйрығының көшірмелері;

    2) табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаментінің немесе су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның сумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті бекіту туралы бұйрығының көшірмелері;

    3) облыс әкімінің ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне сумен жабдықтау жүйелерін енгізу туралы қаулысы;

    4) қала, аудан және (немесе) ауылдық округтер әкімінен ауыз у беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу алатын халықтың саны туралы растау анықтамасы;

    5) тиісті бассейн аумағында су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары берген арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмелері;

    6) сумен жабдықтау жөніндегі ұйымның заңды немесе жеке тұлғасының мәртебесін растайтын құжаттар (Жарғының көшірмесі, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі (немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі), қосылған құн салығын қою туралы куәлік (бар болса);

    7) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның теңгеріміне немесе сенімгерлік басқаруына беру туралы әкімдік қаулысының көшірмесі;

    8) тәуліктік өнімділігі көрсетілген орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелері паспортының көшірмесі;

    9) әкімшімен келісілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым басшысының орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелері арқылы берілген ауызсудың құнын бекіту туралы бұйрығының көшірмесі;

    10) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауылдық округ әкімімен келісілген орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелері арқылы халыққа ауызсу жіберуді есепке алу журналының көшірмесі;

    11) ауызсудың тәуліктік өнімділігін көрсете отырып, тұщыту зауыттарынан ауызсу алу үшін теңіз суын тұщыту процесінің технологиялық регламентінің көшірмесі (қажет болған жағдайда);

    12) ауызсуды соңғы су тұтынушыға дейін беру жөніндегі қызметті одан әрі ұсыну үшін су шаруашылығы ұйымы мен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым арасында жасалған шарттың көшірмесі (қажет болған жағдайда).

    6. Әкімші Өтінімді тіркейді және алынған құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес он жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімді қалыптастырады.

    7. Алдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде төленетін субсидиялардың сомасы өткен жылға 1 (бір) адамға арналған су тұтынудың орташа жылдық ескеріле отырып анықталады.

    8. Әкімші қалыптастырылған бюджеттік өтінімді сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар бөлінісінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына енгізеді.

    3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

    9. Субсидия көлемін есептеу мынадай формула бойынша есептеледі:

    мұндағы:

    S – субсидия көлемі (теңгемен);

    V – субсидияланған судың жылдық көлемі (текше метрмен);

    Т – № 90 тарифтерді қалыптастыру Қағидаларының немесе № 66-НҚ тарифтерді қалыптастыру Қағидаларының тәртіптеріне сәйкес сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін (халық үшін) тариф (қосылған құн салығымен) және (немесе) әкімшімен келісілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен белгіленген құн (теңгемен)

    R – субсидия мөлшері (%).

    10. Халыққа берілген ауызсудың жылдық көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

    мұндағы:

    V – халыққа берілетін ауыз удың жылдық көлемі (текше метрмен);

    N – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен шарт жасаған халықтың саны;

    Vтәу. – жергілікті атқарушы орган бекіткен 1(бір) адамға шаққандағы тұтынылған ауызсудың тәуліктік көлемі;

    K – субсидиялар есептелетін күндер саны.

    11. Субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

    R – субсидия мөлшері (%);

    Т – № 90 тарифтерді қалыптастыру Қағидаларының немесе № 66-НҚ тарифтерді қалыптастыру Қағидаларының тәртіптеріне сәйкес сумен жабдықтау қызметтеріне 1 (бір) текше метр үшін тариф (қосылған құн салығымен) және (немесе) әкімшімен келісілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен белгіленген құн (теңге);

    P – жергілікті өкілді орган бекіткен халықтың ауызсудың 1 (бір) текше метр үшін төлемақы мөлшері.

    12. Ауызсуды есепке алу аспабы болған кезде субсидиялар Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсатпен белгіленген, тәулігіне 140 литрден аспайтын 1 (бір) адамға арналған тұтыну нормативіне сүйене отырып беріледі.

    13. Көрсетілген нормадан асатын көлемді су тұтынушы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес әкімші есептеген халық үшін тариф бойынша төлейді.

    14. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелері үшін субсидиялар айына бір адамға 4,2 текше метрге дейін ауызсуды тұтыну нормативіне сүйене отырып беріледі. Көрсетілген нормадан асатын көлемді су тұтынушы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес әкімші есептеген халық үшін тариф бойынша төлейді.

    4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

    15. Субсидиялар су шаруашылығы ұйымдарына одан әрі тазартуды және оны ауызсу тұтынуға жеткізуді талап ететін су объектілерінен берілген судың көлемі үшін, оның ішінде теңіз суын тұщыландыру есебінен және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға нақты көрсетілген қызметтер үшін немесе табиғи монополиялар саласындағы аумақтық департаментінің немесе су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның бекітілген тарифтері бойынша орталықтандырылған жүйелерден ауызсу беру бойынша және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың жүйелерін елді мекендерде 1 (бір) тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік су тұтыну шегінде әкімшімен келісілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен белгіленген құн бойынша төленеді.

    органның төленеді құны бойынша, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі белгіленген.

    16. Сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтерге субсидия төлемдерін алу үшін су шаруашылығы ұйымы немесе сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:

    1) 1 ақпанға дейін әкімшіге су ресурстарын қорғау және пайдалану жөніндегі бассейндік су инспекцияларымен және аудандық құрылыс және (немесе) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімдерімен келісілген сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдармен және (немесе) су беруге шарттар жасалатын су тұтынушылармен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбелерді ұсынады.

    Халықтың көші-қонына байланысты су тұтынушылар саны өзгерген кезде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым жартыжылдықтың қорытындылары бойынша су тұтынушылар тізбесін өзектендіреді және су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларымен және аудандық құрылыс және (немесе) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімдерімен қайта келіседі және әкімшіге ұсынылады;

    2) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне әкімшіге аудандық құрылыс және (немесе) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімдерімен келісілген және су тұтынушылардың ақы төлеуіне арналған шот-түбіртектің көшірмелерін қоса бере отырып (шоттардың көшірмелері-түбіртектер қағаз және (немесе) электрондық түрде ұсынылады) екі данада жасалған (сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым, әкімші үшін) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес су пайдаланушылар бөлінісінде (бұдан әрі – жиынтық тізілім) ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша нақты көрсетілген қызметтер үшін жиынтық тізілімді ұсынады;

    3) ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін су шаруашылығы ұйымы мен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым арасында есепке алу аспаптарының деректері негізінде, оның ішінде халыққа берілген ауызсудың көлемін көрсете отырып, халыққа берілген түбіртек шоттарының негізінде бөлу нүктелеріне берілген суды салыстырып тексеру актісі жүргізіледі.

    17. Әкімші:

    1) ай сайын осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылған жиынтық тізілімдерді тексереді және бекітеді;

    2) тиесілі субсидиялар сомаларын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін су шаруашылығы ұйымының және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның шоттарына аударады.

    18. Әкімші тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төленген субсидиялардың көлемі туралы есепті ұсынады.

    Ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Жергілікті атқарушы

    органның (облыстардың)

    басшысына

    ___________________________

    (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

    мемлекеттік органның атауы)

    ___________________________

    (ұйымның атауы) (жеке

    сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    (БСН) мекенжайы

    __________________________

    (заңды немесе нақты

    мекенжайы) байланыс

    __________________________

    (телефон)

    Өтінім

    _____________________________________________________________________

    (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы)

    20___ жылға арналған ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау үшін мынадай құжаттар тізбесін ұсынады.

    1)_________________________________________________________________;

    2)______________________________________________________________

    ________________________________________________________________;

    3)______________________________________________________________

    _____________________________________________________________________;

    4)_____________________________________________________________

    _____________________________________________________________________;

    5)______________________________________________________________

    ________________________________________________________________;

    6)______________________________________________________________

    ________________________________________________________________;

    7)______________________________________________________________

    _____________________________________________________________________;

    Күні: 20__ жылғы «__» ____________

    ________________________________________________________________

    Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

    Мөр орны (бар болса)

    Ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына

    2 қосымша

    Нысан

    Модульдік су тазарту құрылыстары және (немесе) ауызсу тарату пункттері арқылы халыққа ауызсу жіберуді есепке алу журналы

    (титул парағы)

    ________________________________________________________

    (ұйымның атауы)

    Модульдік су тазарту құрылыстары және (немесе) ауызсу тарату пункттері арқылы халыққа ауызсу жіберуді есепке алу журналы

    Журналдың басталу күні 20___жылы «___» _____

    Журнал жүргізілуінің аяқталу күні 20___ жылы «___» _______

    (ішкі жағы)

    № п/п
    Тұ­ты­ну­шы­ның ТАӘ (әке­сі­нің аты бар бол­са)
    Ауыз­су са­тып алын­ған күн
    Са­тып алын­ған су­дың кө­ле­мі, литр
    Бе­кі­ті­л­ген құн, тек­ше / тең­ге
    Бе­кі­ті­л­ген тө­лем мөл­ше­рі, тең­ге
    Суб­си­ди­я­лан­ған ауыз­су­дың құ­ны, тең­ге
    Тұ­ты­ны­шы­ның қо­лы
    1 куб.м
    2 куб.м.
    Жо­ға­ры­дан
    1 куб.м
    2 куб.м.
    Жо­ға­ры­дан
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    ____________________________________________________ _________________
    (сабақты өткізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) анық) (қолы)

    Ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Су ресурстарын қорғау

    және пайдалануды реттеу

    жөніндегі бассейндік су инспекциясы

    ________________________________

    20__ жылғы "__" ____________

    «КЕЛІСІЛДІ»

    аудандық құрылыс немесе тұрғын

    үй-коммуналдық шаруашылық

    (облыстық маңызы бар қалалар) бөлімі

    _____________________________

    20__ жылғы "__" ____________

    Су тұтынушылардың тізбесі

    Р/с №
    Су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
    Су бе­ру ли­ми­ті мың тек­ше метр
    Су­мен жаб­дық­тау қыз­мет­те­ріне бе­кі­ті­л­ген та­риф, тең­ге
    1
    2
    3
    4
    сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның атауы

    _____________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы мөр орны (бар болса)

    Ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    «БЕКІТЕМІН»

    Әкімші

    ____________________

    20_ жылғы "__" _________

    Су тұтынушылар бөлінісінде ауызсуды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімі

    20 ____ жылғы ________________ ________________ үшін

    ____________________________________________________

    (сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның атауы) (ай)

    Р/с №
    Су пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ата­уы
    Су бе­ру ли­ми­ті мың тек­ше метр
    Су бе­ріл­ді, мың тек­ше метр
    су­мен жаб­дық­тау қыз­мет­те­рі­нің бе­кі­ті­л­ген та­ри­фі, 1 тек­ше метр үшін, тең­ге
    жыл ба­сы­нан ба­стап
    оның ішін­де есеп­ті ай­да
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    кестенің жалғасы
    Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің құ­ны, тең­ге
    Суб­си­дия мөл­ше­рі (та­риф­тік сме­та­лар­да ес­ке­рі­л­ген шы­ғын­дар­дың ___%), тең­ге
    Жыл ба­сы­нан ба­стап суб­си­дия тө­лен­ді, тең­ге
    Тө­ле­у­ге жа­та­ды, тең­ге
    Жыл ба­сы­нан ба­стап
    Оның ішін­де есеп­ті ай­да
    жыл ба­сы­нан ба­стап
    оның ішін­де есеп­ті ай­да
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    (сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның атауы)

    ___________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы мөр орны (бар болса)

    Ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Төленген субсидиялардың көлемі туралы есеп

    20_ жылғы "__" ____________

    Мемлекеттік органның атауы: ____________________________________________

    Нысаналы трансферттің атауы: ағымдағы нысаналы трансферттер

    Есеп беру кезеңі: _______ жыл

    Жоғары тұрған жергілікті бюджеттерден алынған қаражат сомасы: ____________________ мың теңге

    Бюджеттік бағдарламаның атауы және коды: ____________________________________

    Р/с №
    Ті­ке­лей нәти­же
    Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы (жос­пар­лан­ған іс-ша­ра­лар)
    Іс-ша­ра­лар­дың іс жү­зін­де орын­да­луы, нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу са­ты­сы
    Нәти­же­лер­ге қол жет­кіз­беу се­беп­те­рі
    Жос­пар мың тең­ге
    Нақ­ты мың тең­ге
    Ауыт­қу мың тең­ге
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет
    Жер­гі­лік­ті бюд­жет
    1
    1 ____ мың тек­ше метр кө­ле­мін­де­гі ауыз­су­ды суб­си­ди­я­лау тө­ле­ма­қы­сы­ның мөл­ше­рі бой­ын­ша ауыз­су­ды үз­дік­сіз бе­ру
    Р/с №
    Түп­кі­лік­ті нәти­же
    жос­пар­лан­ған көр­сет­кіш­тер (іс-ша­ра­лар)
    Нәти­же­лер­ге нақ­ты қол жет­кі­зу
    Нәти­же­лер­ге қол жет­кіз­беу се­беп­те­рі
    1
    _________________________об­лы­сы _____________ ел­ді ме­ке­ні­нің тұр­ғын­да­рын ке­піл­ден­ді­рі­л­ген са­па­лы ауыз­су­мен және қа­жет­ті мөл­шер­де (қо­лай­лы ба­ға­мен) ауыз­су­мен қам­та­ма­сыз ету
    2
    Ха­лық са­ны __________ адам­ды қам­ти­тын __________­хал­қы үшін ауыз­су бе­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­дің құ­нын тө­мен­де­ту_
    Мөрдің орны (бар болса)
    Облыс әкімі _____ _____ ( қолы)
    Бірінші басшысы
    Ескертпе : аббревиатуралардың толық жазылуы:
    Су тұтынушының Т.А.Ә. (бар болса)
    Текше метр – текше метр

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2025 жылғы 29 тамыздағы

    № 339

    бұйрығына 2-қосымша

    Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11299 болып тіркелген).

    2. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше манызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23819 болып тіркелген).

    4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18940 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.