Октябрь ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы «Октябрь ауылдық округінің «Дидар» Шаруа қожалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринарлық режимді белгілеу туралы» № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1-бабына сәйкес, Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 52 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Октябрь ауылдық округінің аумағында орналасқан «Дидар» Шаруа қожалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ірі-қара мал лейкозы бойынша шектеу іс-шаралар алынып тасталсын.
2. Октябрь ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы «Октябрь ауылдық округінің «Дидар» Шаруа қожалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринарлық режимді белгілеу туралы» № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4716 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы № 39 «Тереңкөл тынысы», «Заря» газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Октябрь ауылдық округінің әкімі
М. Мейірманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.