«Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 122 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 сәуірдегі № 122 «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды және әкімшілік жаза қолданады.».
2. Мемлекеттік мекеме «Лисаков қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлау;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалы – Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
А. Ибраев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.