«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2025 ж.

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

    АЭА аумағы 905 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    «Jibek Joly» арнайы

    экономикалық аймағы

    туралы ережеге

    қосымша

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағы, S = 905 гектар.

    ____________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2020 жылғы 28 қазандағы

    № 713 қаулысымен

    бекітілген

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

    Р/с
    Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)
    Өлшем бірлігі
    Базалық кезең (2019)*
    Нысаналы индикатор
    2022 жылға қарай жетіс
    тік
    2027 жылға қарай жетіс
    тік
    2032 жылға қарай жетіс
    тік
    2037 жылға қарай жетіс
    тік
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Инвестицияның жалпы көлемі, оның ішінде:
    млрд теңге
    28,4*
    200
    430
    590
    690
    1)
    шетелдік инвестиция көлемі
    млрд теңге
    40
    190
    280
    370
    2)
    отандық инвестиция көлемі
    млрд теңге
    28,4*
    160
    240
    310
    320
    2
    АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі
    млрд теңге
    1
    3
    290
    2400
    3700
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    3
    Өңір экономикасының шикізаттық емес секторларына инвестицияның жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)
    %
    40 %
    100 %
    150 %
    165 %
    4
    Қатысушылар саны
    бірл.
    7
    10
    24
    25
    28
    5
    АЭА аумағында құрылатын жұмыс орнының саны
    жұмыс орны
    115
    1104
    1800
    2100
    2600
    6
    АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
    %
    50 %
    65 %
    75 %
    85 %
    7
    АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі
    %
    10 %
    20 %
    25 %
    30 %
    8
    Еңбек өнімділігін арттыру
    есе
    1,5
    2
    2,1
    2,2
    Ескертпе:
    * - АЭА-ға қазіргі қатысушылардың іс жүзінде салған инвестициясы.
    Индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    ____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.