Көшелерге атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қыркүйек 2025 ж.

    Көшелерге атау беру туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 13 тамыздағы қорытындысы негізінде, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қазығұрт ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекенінде атауы жоқ төрт көшеге Тұрдықұл Кулимовтың, Исақұл Тастемировтың, Абдан Төлеповтың, Асан Садуовтың есімдері берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл округінің әкімі

    С.Атымтаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.