Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 88) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 28 тамыздағы

    № 372 бұйрығымен бекітілген

    Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 88) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

    2. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

    2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    3. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін (бұдан әрі – рұқсат) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтініш береді, «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы «ақпараттық жүйесіндегі» электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

    Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғы, көрсетілетін қызмет алушы жұмыскерлерінің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    «Жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті алушыға қарау мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген ақпарат жіберіледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті Порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама алады, Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын айқындайды. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    4. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттар топтамасын және (немесе) құжаттарды толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

    Көрсетілетін қызметті алушы рұқсат алу үшін құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкестік мәніне құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды.

    Рұқсат беру туралы оң қорытынды болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес рұқсаттың электрондық нысанын қалыптастырады.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде электрондық нәтижеге қол қояды және оны Портал арқылы беруді жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

    Ескерту. 4-тармақтың тоғызыншы бөлігінің осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 138 бұйрығымен.

    Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық іркілістер пайда болған кезден бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін дереу шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

    5. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтініш берушілерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсатты бір мезгілде бере отырып, рұқсат берудегі өз шешімі туралы не Негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес рұқсат беруден дәлелді бас тарту туралы хабардар етеді.

    6. Рұқсат алу үшін құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске қалыптастырылады.

    7. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

    1) көрсетілетін қызметті алушының рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы сұрай отырып (еркін нысанда) өтініш беруі;

    2) көрсетілетін қызметті алушыны тарату;

    3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болады.

    8. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға береді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қарау мерзімі шағым бойынша қосымша зерделеу, тексеру не қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Өрт автоматикасы жүйелерін

    монтаждау, баптау және оларға

    техникалық қызмет көрсету

    жөніндегі қызметті жүзеге

    асыруға рұқсат беру

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар

    министрлігі Өртке қарсы

    қызмет комитетінің төрағасына

    Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтініш

    Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және

    _______________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

    өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

    Көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері: ____________________________________

    ________________________________________________________________________________ жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің № және күні_____________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________

    _________________________________________________________________________________

    Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Басшы

    _________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    _____________________ (күні)

    Өрт автоматикасы жүйелерін

    монтаждау, баптау және оларға

    техникалық қызмет көрсету

    жөніндегі қызметті жүзеге

    асыруға рұқсат беру

    қағидаларына

    2-қосымша

    «Өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рін мон­таж­дау, бап­тау және олар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Өрт­ке қар­сы қыз­мет ко­ми­те­ті.
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі(ка­нал­да­ры)
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
    «Е-ли­цен­зи­я­лау» Мем­ле­кет­тік де­ректер ба­за­сы­ның» ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – Пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    10 жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­стеу нәти­же­сі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі – өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рін мон­таж­дау, бап­тау және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға рұқ­сат бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру;
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 09.00-ден са­ғат 18.30-ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден са­ғат 14.30-ға түс­кі үзіл­іспен.
    2) Пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да: www.​emer.​gov.​kz;
    2) «элек­трон­дық Үкі­мет» веб-пор­та­лын­да: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz ор­на­лы­стыр­ған.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық сұ­рау са­лу;
    2) ма­ман­дар­дың мы­на­лар­ды рас­тай­тын құ­жат­та­ры­ның кө­шір­ме­ле­рі:
    - электр қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша рұқ­сат бе­ру то­бы III тө­мен емес;
    - «өрт қа­уіп­сіз­ді­гі», «есеп­теу тех­ни­ка­сы және ақ­па­рат­тық же­лі­лер», «бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету», «ав­то­мат­тан­ды­ру және бас­қа­ру», «электр энер­ге­ти­ка­сы», «ра­дио­тех­ни­ка, элек­тро­ни­ка және те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар», «ақ­па­рат­тық жүй­е­лер», «ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік жүй­е­ле­рі», «ин­жи­ни­ринг және ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған бас­қа­ру жүй­е­ле­рі», «тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­стер­ді ав­то­мат­тан­ды­ру және бас­қа­ру», «өн­ді­рі­стің ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­ріне қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу», «ме­хатро­ни­ка», «ро­бо­то­тех­ни­ка және кі­рі­сті­рі­ле­тін жүй­е­лер», «сан­дық тех­ни­ка», «электр­мен қам­та­ма­сыз ету», «элек­тро­ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, жөн­деу және пай­да­ла­ну» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лі­мі және электр жаб­дық­та­рын мон­таж­дау, бап­тау және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да 3 жыл­дан кем емес жұ­мыс өті­лі;
    - «өрт қа­уіп­сіз­ді­гі», «есеп­теу тех­ни­ка­сы және ақ­па­рат­тық же­лі­лер», «бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету», «ав­то­мат­тан­ды­ру және бас­қа­ру», «электр энер­ге­ти­ка­сы», «ақ­па­рат­тық жүй­е­лер», «ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік жүй­е­ле­рі», «ин­жи­ни­ринг және ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған бас­қа­ру жүй­е­ле­рі», «тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­стер­ді ав­то­мат­тан­ды­ру және бас­қа­ру», «өн­ді­рі­стің ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­ріне қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу», «ме­хатро­ни­ка», «ро­бо­то­тех­ни­ка және кі­рі­сті­рі­ле­тін жүй­е­лер», «сан­дық тех­ни­ка», «ра­дио­тех­ни­ка, элек­тро­ни­ка және те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар», «электр­мен қам­та­ма­сыз ету», «элек­тро­ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, жөн­деу және пай­да­ла­ну» ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лі­мі және электр жаб­дық­та­рын мон­таж­дау, бап­тау және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да 5 жыл­дан кем емес жұ­мыс өті­лі;
    3) ма­ман­дар­ды жұ­мысқа қа­был­дау ту­ра­лы ең­бек шар­тта­ры­ның кө­шір­ме­ле­рі;
    4) мен­шік құқы­ғын­да­ғы неме­се өзге де заң­ды негіз­де же­ке кә­сіп­кер­лер мен заң­ды тұ­лға­лар­ға ти­е­сі­лі ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
    5) «Өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес қа­жет­ті өрт ав­то­ма­ти­ка­сы жүй­е­ле­рін мон­таж­дау, бап­тау және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға қа­жет­ті өл­шем құ­рал­да­ры­ның бар екен­ді­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­рі
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар мен объ­ек­ті­лер­дің осы Негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 8-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі) бо­луы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да Пор­тал ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
    8 (7172) 60-21-33, бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

    Өрт автоматикасы жүйелерін

    монтаждау, баптау және оларға

    техникалық қызмет көрсету

    жөніндегі қызметті жүзеге

    асыруға рұқсат беру

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гербі РҰҚСАТ

     

    № _______________________ (рұқсат нөмірі)

    ОСЫ РҰҚСАТ

    ____________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

    ____________________________________________________________________________БЕРІЛДІ (заңды мекенжайы)

    және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 66-3-бабына сәйкес осы ұйымға өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға құқық берілгенін куәландырады.

    Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген рұқсаттар тізілімінде рұқсатты тіркеу күні

    ______________________________

    Төраға___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.