«Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 тамыз 2025 ж.

    «Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өртке қарсы қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 73) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өртке қарсы қызмет қызметінің жарғысында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Жарғы гарнизон қызметін ұйымдастыру бойынша талаптар бөлігінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (бұдан әрі – МӨҚҚО) жеке құрамына, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлері мен ерікті өртке қарсы құралымдар жұмыскерлеріне қолданылады.»;

    5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (бұдан әрі – күштер мен құралдар) – МӨҚҚО жеке құрамы, кәсіби өртке қарсы қызметтердің және ерікті өртке қарсы құралымдардың қызметкерлері, өрт сөндіру техникасы, байланыс және басқару құралдары, өрт сөндіргіш заттар және жарақтағы басқа да техникалық құралдар;»;

    мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

    «14-1. Төтенше жағдай (ахуал) жарияланған кезде аумақтық орган басшысының шешімімен бойынша гарнизон уәкілетті орган басшысының келісімі бойынша казармалық жағдайға ауыстырылады.

    Гарнизонды казарма жағдайына көшіру кезінде жеке құрамды тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасы жүзеге асырылады.»;

    22-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Өрт сөндіру техникасын, ӨТЖ мен жабдықтары, өрт сөндіру құралдарын техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚК), жөндеу және пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруда бөлімшелердің бастықтарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды;»;

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Министрліктің барлық аумақтық органдарында, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауылдарының жеке құрамы ауысымдардың (қарауылдардың) бірыңғай реттік нөмірлерімен, тәулік бойы 4 ауысымды режимде кезекшілікті жүзеге асырады.»;

    42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «42. Бөлімнің байланыс пункті (бұдан әрі – ББП) диспетчері (радиотелефонист):

    ББП барлық қолда бар техникалық байланыс құралдарына келіп түскен өрт, ТЖ туралы хабарламаларды дәл қабылдауға, беруге және тіркеуге және ақпаратты өңдеуге, шақыру орнына қарауылдың (бөлімшелердің) кезекшілерін уақытында және дұрыс жіберілуін жүргізеді;

    кезекші қарауылдың (бөлімшелердің) өртке, басқа ТЖ орнына жіберілгені туралы Өрт байланыс орталық пункті (бұдан әрі – ӨБОП) және бөлімше басшыларына уақтылы баяндама жүргізеді;

    ББП техникалық құралдары мен жабдықтарының сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етеді.»;

    44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «44. ББП диспетчері (радиотелефонист):

    1) кезекшілікке түскен кезде:

    ББП құжаттаманы, мүлікті және техникалық құралдарды тізімдеме бойынша қабылдайды;

    ББП техникалық құралдардың, резервті қоректендіру көздерінің болуын, тазалығын, жай-күйін және жарамдылығын тексереді;

    ауысатын диспетчерден (радиотелефонисттен) ағымдағы шығулар, сондай-ақ бөлімше басшылығының өкімдері мен нұсқаулары туралы мәліметтерді алады;

    2) кезекшілік кезінде:

    қарауылдың бастығынан (кезекші ауысым басшысынан) күштер мен құралдар (жеке құрамның, өрт техникасының, өртсөндіргіш заттары мен ЖЖМ саны) туралы мәлімет алады;

    байланыс құралдары мен техникалық жабдықтардың ақаулықтары туралы мәліметті осы Жарғыға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс құралдарын қабылдау-тапсыру журналына енгізеді;

    өзара іс-қимыл жасау қызметтерімен байланыс ұстайды және қажет болған жағдайда өрт, басқа да ТЖ аудандарына жібереді;

    осы Жарғыға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуліктің түнгі мезгілінде балалар, емдеу және басқа да мекемелерде болатын адамдарды есепке алу журналын жүргізеді;

    телефон арқылы барлық қоңырауларға дереу «Өртке қарсы қызметі» деп жауап беруге, ал ішкі телефонға өзінің лауазымы мен тегін атайды, мысалы: «диспетчер (радиотелефонист) Ахметова»;

    өту жолдарының жабылуы, өртке қарсы сумен жабдықтаудың істен шығуы және жедел ахуалдың басқа да өзгерістері туралы ақпарат алған кезде дереу ӨБОП-дағы кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысы), баяндайды және алынған ақпаратты тиісті журналдарға енгізеді;

    қарауылдық қызметті тексеруге құқығы бар лауазымды тұлғалар ББП үй-жайына барған кезде, «Майор мырза. Диспетчер (радиотелефонист) Ахметова» деген нысан бойынша баяндайды;

    3) шақыруларды өңдеген кезде:

    кезекші қарауылдарының шығу жолдамасында мынадай ақпаратты:

    шақыру объектісінің мекенжайы;

    объектінің атауы;

    объектінің орналасқан жері туралы басқа да мәліметтерді;

    не және қайда жанып жатқаны (немесе ТЖ туралы басқа мәлімет);

    нешінші қабатта (немесе жертөледе) жанып жатқаны;

    ғимараттың қабаттылығы (немесе биіктігі);

    адамдарға төнген қатердің болуы;

    ӨБОП диспетчерінің тегін;

    ТЖ туралы хабар алынған уақытын, күнін тіркейді және қолын қояды;

    ӨБОП аға диспетчердің (гарнизон диспетчері) басқа нұсқауы болмаса шығу кестесінде көзделген күштер мен құралдарды тарту жоспарымен жіберу туралы шешім қабылдайды;

    шешім қабылданғаннан кейін бірден «Дабыл» сигналын береді;

    қарауылдың шығу жолдамасын, сондай-ақ өрт сөндіру жоспарын немесе (бар болған жағдайда) карточкасын кезекші қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) береді;

    4) шығуларды сүйемелдеу кезінде:

    өрт немесе басқа ТЖ шыққан кезекші қарауылмен (бөлімшемен) радиобайланыс орнатады және ұстайды;

    өрт немесе басқа ТЖ туралы қосымша ақпаратты нақтылайды, қарауылдың бастығына (кезекші ауысым басшысына) шақыру орнына бару кезінде, ӨБОП аға диспетчеріне (гарнизон диспетчеріне) және бөлімше басшыларына дереу береді;

    осы Жарғыға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бөлімшенің шығуын есепке алу журналына уақытты белгілеумен, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың барлық қабылдаған шешімдерін тіркеуді жүзеге асырады.»;

    50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «50. Төтенше жағдайлар басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары және олардың орынбасарлары кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлердің дайындығын, сондай-ақ тиісті аумақтағы бақылаудағы объектілердің өртке қарсы жай-күйін бақылауды және тексеруді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, объектілердің өртке қарсы жай-күйі туралы хабар береді.»;

    52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «52. Өртке қарсы қызмет жасағының бастығы өрт сөндіру басқармасының басшысына бағынады.»;

    76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «76. Өрттен немесе өрт-тактикалық оқу-жаттығулардан, сабақтардан қайтып оралған кезде қарауыл бастығының (кезекші ауысым басшысының) бақылауы және тікелей қатысуы арқылы кезекші қарауылды және техниканы 10 минут ішінде әзірлікке келтіру жүзеге асырылады. Бұл ретте:

    жүргізушілер автомобильдерге ЖЖМ толық құяды (бөлімшеден тыс жанармай құйған кезде бөлімшенің барлық жеке құрамы шығады);

    қарауылдың өрт сөндіру есептоптарының жеке құрамы, ӨТҚ және жабдықты, өрт сөндіру жеңдері мен жеке құрал-жабдықтарды ауыстырады, өрт сөндіру автомобильдерін өртсөндіргіш заттармен толықтырады;

    қарауыл бастығы (кезекші ауысым басшысы) техниканы өрт сөндіру есептобына қою және қарауылдың шығуға дайындығы туралы ӨБОП-ға баяндайды;

    жүргізушілер мен жеке құрам өрт сөндіру техникасына ТҚ өткізеді, жеке гигиена шараларын жүзеге асырады.»;

    көрсетілген Жарғыға 5, 6, 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар

    министрі

    2025 жылғы 27 тамыздағы

    № 365

    бұйрығына 1-қосымша

    Өртке қарсы қызметтің

    жұмыс жарғысына

    5-қосымша

    нысан

    Бекітемін

    Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

    жұмыстары басқармасының бастығы

    ____________________________

    (аймақтың атауы)

    ____________________________

    (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    20__ жылғы «___»____________

    20__жылғы «___»________ саптық жазба

    Өрт сөн­ді­ру бө­лім­ше­ле­рі­нің ата­уы
    ӨСБ (МӨ­СБ, ӨБ) шта­ты
    Ж/қ ті­зі­мі бой­ын­ша қа­ра­уыл­да
    Же­ке құ­рам­ның шы­ғы­сы бой­ын­ша
    Газ-үтін­нен қор­ғау­шы­лар/ ап­па­рат­тар
    Жоқ
    отын бен­зин/ди­зо­тын
    Бар­лы­ғы
    Есеп
    Қа­ра­уыл ба­стығы
    Бө­лім­ше ко­ман­ди­рі
    Жүр­гі­зу­ші­лер
    Өрт сөн­ді­ру­ші­лер
    Дис­пет­чер­лер (ра­дио­те­ле­фон­шы­лар)
    Оқу де­ма­лы­сы/де­крет
    Ау­ру
    Іс­са­пар
    Бас­қа се­беп­тер
    1-ӨСБ
    2-ӨСБ
    БАР­ЛЫ­ҒЫ:
    кестенің жалғасы
    Өрт сөн­ді­ру тех­ни­ка­сы
    Есеп­те
    Ре­зерв­те
    Жөн­де­уде
    Негіз­гі өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің тү­рі
    Ар­найы өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің мар­ка­сы
    Негіз­гі өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің тү­рі
    Ар­найы өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің мар­ка­сы
    Негіз­гі өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің тү­рі
    Ар­найы өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі­нің мар­ка­сы
    АЦ-7-40
    АЦ-3,2-40
    -
    АЦ-2,5-40
    -
    АЦ-7-40
    -
    АЦ-7-40
    КМӨА
    АС-30
    АЦ-2,5-40
    -
    АЦ-7-40
    -
    Өрт сөн­ді­ру бө­лім­де­рі­нің ата­уы
    Есеп­те­гі ав­то­мо­биль­дер­де бар
    Қой­ма­да­ғы кө­бік түз­гіш
    Дис­пет­чер­лер (ра­дио­те­ле­фон­шы­лар)
    Қа­ра­уыл ба­стығы неме­се оны ауы­сты­ра­тын тұ­лға­лар
    бө­лім бой­ын­ша жа­у­ап­ты
    Жең­құ­быр­лар
    Ла­фет­ті оқ­пан­дар тұ­рақ­ты/та­сы­ма­лы
    ГПС-600, «Пур­га»/УП
    Та­сы­ма­лы. р/ст
    Элек­тро­шам­дар/ про­жек­тор­лар
    ТОК/Л-1
    Құт­қар­ғыш ар­қан­дар
    кө­бік түз­гіш есеп­те
    77мм
    66 мм
    51 мм
    1-ӨСБ
    2-ӨСБ
    БАР­ЛЫ­ҒЫ:
    Гарнизон бойынша жауапты ________________________
    ӨСКБ кезекші ауысымы:
    Шұғыл кезекші____________________________
    Аға көмекші_______________________________
    Көмекші______________________________________
    Аға диспетчер_______________________________
    Диспетчер______________________________________
    Диспетчер (радиотелефоншы)______________________
    Ескертпе:
    1) позициялар саны гарнизон бастығының шешімімен ұлғаюы мүмкін;
    2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған жағдайда саптық жазбалар журналы енгізіледі.

    бұйрығына 2-қосымша

    Өртке қарсы қызметтің

    жұмыс жарғысына

    6-қосымша

    Гарнизон қызметін ұйымдастыруды регламенттейтін құжаттар тізбесі

    Р/с №
    Құ­жат­тар­дың ата­уы
    Тол­ты­ру, жа­ңар­ту мер­зім­ді­лі­гі
    Сақ­та­лу ор­ны
    Сақ­та­лу мер­зі­мі
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Гар­ни­зон бө­лім­ше­ле­рі­нің шы­ғу кесте­сі (Кү­ш­тер мен құ­рал­дар­ды тар­ту жос­па­ры)
    қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай, бі­рақ екі жыл­да бір рет­тен кем емес
    ӨБОП (аудан­ның ББП)
    жа­ңа­сы­мен ауы­сты­ры­л­ған­ға дей­ін
    2.
    Ком­му­нал­дық және шұ­ғыл қыз­мет­тер­мен (қа­ла­ның, аудан­ның), сон­дай-ақ өрт­ке қар­сы қыз­мет­тің ве­дом­ство­лық бө­лім­ше­ле­рі­мен (қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай) өза­ра іс-қи­мыл Ал­го­ритмда­ры
    қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    ӨБОП
    кү­ші жой­ы­л­ған­ға неме­се жа­ңа­сы­мен ауы­сты­ры­л­ған­ға дей­ін
    3.
    Аза­мат­тық қор­ға­ныс жө­нін­де­гі құ­жат­тар:
    1. Аза­мат­тық қор­ғаудың өрт­ке қар­сы қыз­ме­тін құ­ру ту­ра­лы бұй­рық.
    2. Аза­мат­тық қор­ғаудың өрт­ке қар­сы қыз­ме­ті ту­ра­лы ере­же.
    3. Об­лы­стың (қа­ла, аудан) АҚ жос­па­ры.
    4. Аза­мат­тық қор­ғаудың бас­қа­ру және кү­ш­тер ор­ган­да­рын да­яр­лау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар жос­па­ры.
    5. Же­ке құ­рам­ды құ­лақ­тан­ды­ру схе­ма­сы.
    қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    ӨБОП, сейф­те
    жа­ңа­сы­мен ауы­сты­ры­л­ған­ға дей­ін
    4.
    Ке­зек­ші­лік ке­зін­де гар­ни­зон бой­ын­ша же­дел ке­зек­ші­ге жос­пар-тап­сыр­ма
    күн­де­лік­ті
    ӨСКҚ
    бір жыл
    5.
    Бө­лім­ше­лер мен гар­ни­зон­ның ла­у­а­зым­дық тұ­лға­ла­ры­ның ша­қыр­ту­лар тіз­бе­сі
    қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    ӨБОП
    (ӨСКҚ, сейф­те)
    жа­ңа­сы­мен ауы­сты­ры­л­ған­ға дей­ін
    6.
    Кә­сі­по­рын­дар мен ел­ді ме­кен­дер­де­гі өрт сөн­ді­ру же­дел жос­пар­ла­ры мен кар­точ­ка­ла­ры
    қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    ӨБОП – элек­трон­ды (ре­жим­ді, аса ма­ңы­зды, стра­те­ги­я­лық объ­ек­ті­лер­ге – қа­ғаз тү­рін­де)
    жа­ңа­сы­мен ауы­сты­ры­л­ған­ға дей­ін
    7.
    Ел­ді ме­кен (аудан) су көз­де­рі­нің план­ше­ті
    жы­лы­на екі рет және қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай
    ӨБОП, же­дел ке­зек­ші­нің ав­то­мо­би­лі
    жа­ңа­сы­мен ауы­сты­ры­л­ған­ға дей­ін
    Ескертпе:
    1) құжаттарды әзірлеу тәртібін және олардың орындалуына (жаңартылуына) жауаптыларды гарнизон бастығы белгілейді;
    2) өртке қарсы қызмет гарнизонында автоматтандырылған жұмыс орны болмаған кезде бөлімшелердің шығуын есепке алу журналы және саптық жазбалар журналы енгізіледі;
    3) өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері орналасқан және өрт сөндіру бөлімдерінің шығу аудандарының шекаралары, аса маңызды және режимдік кәсіпорындар бөлген су көздері көрсетілген қаланың (ауданның) жоспар - картасы электрондық форматта жүргізіледі.

    бұйрығына 3-қосымша

    Өртке қарсы қызметтің

    жұмыс жарғысына

    12-қосымша

    нысан

    Қызмет кітабының 1-парағы

    (мұқаба парағы)

    ___________________________________ ________________________ өрт сөндіру бөлімінің

    қызмет кітабы

    Басталды:______________

    Аяқталды:_____________

    Қызмет кітабының жалғасы

    2-парағы. (сегіз парақ бөлінеді)

    20__ жылғы «____»_________________ _____________________қарауылдың жеке құрамының ТІЗІМІ

    р/с №
    те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    Ата­ғы
    Ла­у­а­зы­мы, та­ғай­ын­дал­ған кү­ні
    Ту­ған кү­ні
    Бі­лі­мі, не аяқ­та­ды, ма­манды­ғы
    ӨСҚ бой­ын­ша және бас­қа спорт тү­рі­нен раз­ря­ды
    Үй ме­кен­жайы және те­ле­фо­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8

    Қарауыл бастығы __________________________ (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    Қызмет кітабының жалғасы

    10-парақ. (кезекшілік кезіне бір

    парақ бөлінеді)

    қалалар мен елді мекендерді қорғайтын

    өрт сөндіру бөлімдері,

    мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері үшін

    БЕКІТЕМІН

    Өрт сөндіру бөлімінің бастығы

    _________________________

    (атағы) ____________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    20__жылғы «___»______________

    ____________________ қарауылдың қызмет наряды

    20_ жылғы «___»______ сағ.____ден 20_ жылғы «___»_________ сағ. ____дейін.

    Қарауыл бастығы ________, диспетчер (радиотелефонист)________

    _________________

    1. Қарауыл құрамы

    Тізім бойынша____, барлығы_____, есепте___, демалыста____, іссапарда___, ауруы бойынша жоқ____, басқа себептер____.

    Есеп

    Есеп құ­ра­мы
    Ав­то­мо­биль
    Ав­то­мо­биль
    Ав­то­мо­биль
    Ав­то­мо­биль
    Ав­то­мо­биль
    Те­гі және ини­ци­ал­да­ры
    Те­гі және ини­ци­ал­да­ры
    Те­гі және ини­ци­ал­да­ры
    Те­гі және ини­ци­ал­да­ры
    Те­гі және ини­ци­ал­да­ры
    Бө­лім­ше ко­ман­ди­рі
    Жүр­гі­зу­ші
    № 1-өрт сөн­ді­ру­ші
    (бұ­дан әрі есеп­тің нө­мі­рі бой­ын­ша)…
    (та­ғы­лым­да­ма­дан өту­ші)
    Есепте: - сығымдалған ауадағы аппараттар _______________________
    - бірге алып жүретін радиостанциялар ___________________________
    - дозиметрлік аспаптар _______________________________________
    - қорғаныш костюмдері______________________________________
    Резервте: - өрт сөндіру автомобильдері ________________________
    - сығымдалған ауадағы аппараттар ____________________________
    Ішкі наряд
    На­ряд тү­рі
    Те­гі
    Тү­се­тін уа­қы­ты
    Қызмет кітабының жалғасы
    11-парақ
    (кезекшілік кезіне арналады)

    Тексерген

    __________________ бастығы

    (қолы)

    1. Қарауыл қызметінің нәтижелері: өртке, аварияларға, сабаққа және т.б. шығулар

    Шы­ғу мақ­са­ты
    Ме­кен­жайы
    Қан­дай ав­то­мо­биль­дер шық­ты
    Уа­қы­ты
    шық­қан
    орал­ған
    Өртке қарсы сумен жабдықтаудың табылған жарамсыздықтары және шығу ауданындағы жабық өту жолдары
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    Істен шыққан немесе зақымдалған ӨТЖ, өрт сөндіру жеңқұбырлар, басқа да техникалық құралдар
    ӨТЖ, оның ішін­де өрт сөн­ді­ру жең­құ­быр­ла­ры­ның, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­дың, бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның ата­уы
    Қол­да­ну ор­ны, ме­кен­жайы
    За­қым­да­лу си­па­ты
    Қарауылдағы оқиғалар (тәртіпті, қауіпсіздік техникасы мен басқа да бұзушылықтар)
    __________________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________
    _______________________________________________________________________
    Ішкі нарядтың қызметті өткеруін тексеру кезінде ашылған кемшіліктер
    ________________________________________________________________________
    _______________________________________________________________________
    _______________________________________________________________________
    Кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде ашылған кемшіліктер
    __________________________________________________________________________
    _____________________________________________________________________
    __________________________________________________________________________
    Кезекшілікті тапсырды____________________ Кезекшілікті қабылдады_____________
    Қызметтік кітапты бітіру
    10-парақ (он парақ бөлінеді)
    Қарауыл қызметінің ұйымдастырылуын тексеру нәтижелерін есепке алу
    Тек­се­ру кү­ні және уа­қы­ты
    Тек­се­ру жүр­гіз­ген тұл­ға­ның қо­лы, тек­се­ру нәти­же­ле­рі
    Кем­ші­лік­тер­ді жою бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар
    Ескертпелер:
    1) қызмет кітабы үш күнтізбелік айға (тоқсан) есептеледі және ол толтырылғаннан кейін 3 жыл сақталады.
    2) қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеруші тұлға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарға қарауылдың әзірлігіне әсер ететін анықталған кемшіліктерді жоюға кезек күттірмейтін шараларды қабылдап, қарауыл қызметін ұйымдастыруды тексеру нәтижелерін есепке алу бөлімінде тиісті жазба жүргізеді;
    3) Қызмет кітабының беттері нөмірленген, тігілген, мөрмен және бөлімше басшысының қолымен бекітілген болуы тиіс.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.