«TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 тамыз 2025 ж.

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

    АЭА аумағы 4414,39 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына 9 қосалқы аймақ: ауданы 494,75 гектар тарихи орталық, ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар, 290 гектар, 50 гектар және 584 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай және ауданы 50 гектар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы кіреді.»;

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    «TURAN» арнайы

    экономикалық аймағы

    туралы ережеге

    қосымша

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

    9 қосалқы аймақтың жалпы ауданы, S = 4414,39 га

    ____________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2018 жылғы 29 қазандағы

    № 693 қаулысымен

    бекітілген

    «TURAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары

    Р/с
    Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер (ата­у­ла­ры)
    Өл­шем бір­лі­гі*
    Ба­за­лық ке­зең (2024)
    2028 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2033 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2038 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2043 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    1
    2
    3
    4
    6
    7
    8
    9
    1.
    Тар­ты­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де (өсу­мен)
    млрд тең­ге
    525,6
    1 380
    1 449
    1 522
    1 598
    2.
    Ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    394,4
    502
    527
    553
    581
    3.
    Отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    131,2
    878
    922
    969
    1 017
    4.
    АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    12
    32
    47
    50
    55
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    5.
    Қа­ты­су­шы­лар са­ны
    ком­па­ния
    66
    183
    192
    202
    212
    6.
    Қо­сал­қы қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар са­ны
    адам
    55
    56
    64
    66
    70
    7.
    АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны (өсу­мен)
    адам
    1 978
    7 033
    9 300
    13 000
    18 200
    8.
    АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де жер­гі­лік­ті қам­ту үле­сі
    %
    45
    50
    55
    60
    65
    * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    ____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.