Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 тамыз 2025 ж.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Сүйінтаева

    Ақтөбе облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 27 тамыздағы

    № 249 шешіміне қосымша

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары

    Ата­уы
    Ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға үсте­ме­а­қы мөл­ше­рі
    1
    2
    3
    1.
    Бас­шы
    30%
    2.
    Бас­шы­ның орын­ба­са­ры
    30%
    3.
    Бө­лім бас­шы­сы
    30%
    4.
    Ма­ман
    50%
    5.
    Есеп­ші
    30%
    6.
    Заң­гер
    30%
    7.
    Іс жүр­гі­зу­ші
    30%
    8.
    Жүр­гі­зу­ші
    50%
    9.
    Қой­ма мең­ге­ру­ші­сі
    30%
    10.
    Кең­се та­за­ла­у­шы
    50%
    11.
    Вах­тер
    50%
    12.
    Кү­зет­ші
    50%
    13.
    Аула сы­пы­ру­шы
    50%
    14.
    Сле­сарь-сан­тех­ник
    50%
    15.
    Элек­трик
    50%

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.