Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 тамыз 2025 ж.

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 27 тамыздағы № 330

    бұйрығымен бекітілген

    Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

    1. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздердің:

    11-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) келісімдер жасалған ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілерін өндірушілер өндіретін ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілеріне Қазақстан Республикасының сексен пайыз қажеттілігін жаппаған жағдайларды қоспағанда, жоспар-кесте жобасында мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілері бойынша жасалған келісімдердің болуы.

    Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас үлгілерінде өндірілетін қажеттілігін жабуды уәкілетті орган уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына сұрау салу жолымен айқындайды.»;

    2-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысанда:

    3-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті орган ішкі құжатпен бекітілген мынадай құжаттарды ұсынуға:

    келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер,

    модельдердің саны мен атауын көрсете отырып, шығарылған Ауыл шаруашылығы техникасының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты),

    қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме немесе ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат пен сараптама актісінің көшірмесі. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және ішкі айналым үшін тауардың шыққан жері туралы сараптама актісі өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.».

    2. «Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    22 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «22. Шекті баллдар өндіруші есепті кезең ішінде келесі шарттарды орындаған кезде есептеледі:

    1) жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін:

    2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;

    2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде қырық пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру;

    2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде елу пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру;

    2) N1 және N2 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштары, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін:

    с 2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;

    2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде үш компонентті қолдану, көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін;

    2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде төрт компонентті қолдану көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін.

    3) N3 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдары өндірісінің көлемі:

    2025 жылы кемінде жиырма бес пайыз;

    2026 жылы кемінде отыз пайыз;

    2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызы.

    Осы тармақты қолдану мақсатында 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады. Жаңадан жасалған Келісім үшін бірінші есепті жыл болып ол күшіне енген сәттен басталып сол жылдың 31 желтоқсаны аралығында есептеледі.»;

    2 және 3 қосымша осы Тізбеге 2 және 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысанда:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    « Өндіруші:

    1) мынадай шарттар орындау жолымен есепті кезең ішінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыруды қамтамасыз ету:

    жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін:

    2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;

    2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде қырық пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру;

    2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде елу пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін көлік құралына компоненттерді қолданылуымен дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру;

    N1 және N2 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштары, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін:

    2025 және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру;

    2026 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде үш моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде үш компонентті қолдану, көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін;

    2027 жылдан бастап ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілетін көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып өндірісті жүзеге асыру немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып көлік құралдарының кемінде төрт моделін өндіруді жүзеге асыру не өндірілетін көлік құралдарына көлік құралына кемінде төрт компонентті қолдану көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндіретін.

    N3 санаттағы көлік құралдарына жататын ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдары өндірісінің көлемі:

    2025 жылы кемінде жиырма бес пайыз;

    2026 жылы кемінде отыз пайыз;

    2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайызы;

    2) оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптарын Қосымшаға сәйкес орындауға;

    3) келісім жасасқаннан кейін әрбір келесі бес жылда оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің шекті мәніне қол жеткізуге;

    4) уәкілетті органның сұрауы бойынша ол қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;

    5) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға үш ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге;

    6) есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға маркаларын, модельдерін және құнын көрсете отырып, шығарылған көлік құралдарының саны туралы есеппен шығару көлемі туралы мәліметтерді ұсынуға (кәсіпорынның паспорты);

    7) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуға:

    оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес есептеу жүргізілген көлік құралы моделінің (модификация) атауын көрсете отырып, келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер;

    саны, маркасы, модельдері көрсетілген шығарылған көлік құралдарының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты);

    қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме немесе дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операциялармен жүргізілген көлік құралдарының үлгілері бойынша ішкі айналысқа арналған тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) сараптама актісінің көшірмесі. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және ішкі айналым үшін тауардың шыққан жері туралы сараптама актісі өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

    8) әр бес жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралының шығарылғанын растайтын құжаттарды ұсынуға;

    9) қоқыс тасығыш көліктер мен өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде өндіруші мынадай шарттардың біреуінің орындалуын қамтамасыз етуге:

    9,1) қоқыс шығару жабдығы мен өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімнің болуы және шығарылатын компоненттерді міндетті түрде өндірісте пайдалануға;

    9,2) қоқыс шығару жабдығы мен өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығарған жабдықты немесе өрт қондырмасын пайдалануға;

    9,3) қоқыс тасығыш көліктер мен өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде мынадай технологиялық операцияларды орындауға:

    металдан жасалған дайындамаларды пішу және ию, шанақты (бункерлерді, контейнерлерді, цистерналарды (ыдыстарды) немесе арнайы мақсаттағы қондырмаларды) құрастыру, дәнекерлеу, бояуға;

    жақтауларды құрастыру, дәнекерлеуге (конструкцияда бар болса);

    шанақты (бункерлерді, контейнерлерді) немесе цистерналарды (ыдыстарды) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырмаларды және аспалы жабдықты монтаждауға;

    басқару органдарын монтаждауға;

    электр жабдығы жүйесін, пневможабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса) монтаждауға;

    9,4) мынадай технологиялық операцияларды орындауға:

    шыны талшықты және арматуралық материалды пішу, металдан ипотека жасау, жеке панельдер жасауға;

    шыны талшықтан жасалған шанақ панельдерін құрастыру (желімдеу), шанақты (бункерді, контейнерді, цистернаны (ыдысты) немесе арнайы мақсаттағы қондырманы) бояуға;

    шанақты (бункерді, контейнерді) немесе цистернаны (ыдысты) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырманы және аспалы жабдықты монтаждау;

    басқару органдарын монтаждауға;

    электр жабдықтары жүйесін, пневматикалық жабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде)монтаждауға;

    10) өндірушінің келісім талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісімді бұзған кезде келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) тиісті коды бойынша берілген жеңілдіктерді өтеуге міндеттенеді.».

    3. «Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34016 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларында:

    2-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:

    «3-1) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;»;

    4)-тармақша алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:

    «6) Тізілімнен үзінді – қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растайтын құжат, оның ішінде электрондық құжат, онда қазақстандық тауар өндіруші, ол өндіретін тауар туралы және ол туралы мәліметтерді және елішілік құндылық үлесін көрсете отырып мәліметтер болады.»;

    3-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) қолданыстағы келісім болмаған жағдайда, тракторлардың, астық жинайтын комбайндардың және сүрлем жинайтын комбайндардың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары үшін тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30 % болатын сериялық өндірістің «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификаттың немесе Тізілімнен үзінді көшірменің болуы. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады және «Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 225) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітіледі.

    Тізбеде қолданыстағы келісімнің және (немесе) сериялық өндірістегі «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірменің болуы туралы мәліметтер қамтылады. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

    Тізбе келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірілмей өзектендіріледі.

    Өтініш беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өткізу кезінде сатып алушыға қолданыстағы келісімнің және «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірменің болуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Өтінім беруші өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасын және (немесе) жабдығын Тізбеге енгізу үшін қағаз және (немесе) электрондық нысанда өтінімді ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейін келесі жылға және тиісті жылдың 1 мамырынан 1 маусымына дейін Комитетке қосымшамен бірге береді:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өндірілетін ауыл шаруашылығы машиналарымен және жабдықтарының тізбесін;

    2) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-тармақшасында белгіленген жағдайда, қолданыстағы келісім;

    3) осы Қағидалардың 3-тармағының 2)-тармақшасында белгіленген жағдайда, тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30% болатын сериялық өндірістегі «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификат және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірме. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.»;

    1-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    Тізбеге 1-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    заңды тұлғаларымен ауыл

    шаруашылығы техникасын

    өнеркәсіптік құрастыру

    туралы келісімді жасасу

    қағидалары мен шарттарына,

    сондай-ақ өзгерту және

    бұзу үшін негіздерге

    2-қосымша

    Нысан

    Кәсіпорын туралы мәліметтер

    1. Өндірісте пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың тізбесі:

    Тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың ата­уы
    Са­ны, бір­лік
    Жа­са­ла­тын опе­ра­ция тү­рі
    1
    2
    3
    4
    2. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмені немесе ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат пен сараптама актісінің көшірмесін ұсыну. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және ішкі айналым үшін тауардың шыққан жері туралы сараптама актісі өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

    Тізбеге 2-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    заңды тұлғаларымен Көлік

    құралдарын өнеркәсіптік

    құрастыру туралы келісімді

    жасасу қағидалары мен

    шарттарына, сондай-ақ

    өзгерту және бұзу үшін

    негіздемелерге

    2-қосымша

    Жеңіл автомобильдер өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесі

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өн­ді­рі­стік құ­ра­с­ты­ру үшін та­лап­тар тіз­бе­сі
    Бал­дар
    1
    Заң­ды тұ­лға­лар үшін же­ңіл ав­то­мо­биль­де­рін өн­ді­ру­ге қа­ты­сты оқ­ша­у­ла­уды ба­ға­ла­удың бал­дық жүй­е­сі­нің ба­стап­қы та­лап­та­ры орын­дау
    3000
    2
    Негіз­гі құ­рал­дар­ға ке­мін­де 2 млн. АЕК қо­сым­ша ин­ве­сти­ци­я­лар
    500
    3
    Кө­лік құ­ра­лы­ның бір мо­де­лі­нің ша­на­ғын (қа­ра ша­нақ мас­са­сы­ның 50%-дан кем емес) қа­лып­тау
    500
    4
    Кө­лік құ­ра­лы­ның қо­сым­ша мо­де­лі­нің ша­на­ғын (қа­ра ша­нақ мас­са­сы­ның 50%-дан кем емес) қа­лып­тау
    500
    5
    Кө­лік құ­ра­лы­ның қо­сым­ша мо­де­лі­нің ша­на­ғын дәне­кер­леу
    1000
    6
    Кө­лік құ­ра­лы­ның қо­сым­ша мо­де­лі­нің ша­на­ғын бо­яу
    1000
    7
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да өн­ді­рі­ле­тін кө­лік құ­ра­лы­на бұй­ым­дар мен ком­по­нент­тер­ді қол­да­ну*:
    Қоз­ғалт­қыш
    500
    АБҚ (бе­рі­лі­сті ауы­сты­ру қо­ра­бы)
    500
    Ва­ри­а­тор
    500
    АКБ (ак­ку­му­ля­тор ба­та­ре­я­сы)
    500
    Дөң­ге­лек дис­кі­лер
    500
    Ши­на
    500
    Бам­пер
    500
    Есік тұт­қа­ла­ры
    250
    Сырт­қы ай­на­ның қап­шы­ғы
    250
    Орын­дық­тар
    200
    Шы­ға­ру жүй­е­сі
    100
    Ди­а­гно­сти­ка және қа­шық­тық­тан бас­қа­ру жүй­е­ле­рі
    100
    Шы­ны­лар
    200
    Сым­дар­дың бу­ма­сы
    500
    Са­лон­ға ар­нал­ған ре­зең­ке кі­лем­ше­лер
    100
    Еден­дер­ді қап­тау бөл­шек­те­рі
    100
    Жы­лу, жел­дет­кіш және ауа бап­тау жүй­е­ле­рі­нің мо­дул­де­рі
    100
    Тех­ни­ка­лық сұй­ық­тық­тар:
    Мо­тор майы
    50
    АБҚ майы
    20
    Те­же­гіш сұй­ық­тығы
    20
    Сал­қын­дат­қыш сұй­ық­тық
    20
    Жуу сұй­ық­тығы
    10
    Сүз­гі­лер
    200
    Ра­ди­а­тор
    100
    Тү­тіктер мен құ­быр­шек­тер
    50
    Мой­ын­ті­рек­тер
    50
    Қа­уіп­сіз­дік бел­дік­те­рі
    50
    Қа­уіп­сіз­дік жа­стық­та­ры
    200
    Сырт­қы жа­рық­тан­ды­ру ас­пап­та­ры
    100
    Сөн­дір­гіш және газ шы­ға­ра­тын тү­тік
    50
    Те­же­гіш жүй­е­сі
    100
    Қоз­ғалт­қы­шты бас­қа­ру­дың элек­трон­дық бло­гы
    200
    Бұ­ғат­та­у­ға қар­сы жүй­е­ні және ав­то­мо­биль­ді сер­пін­ді тұ­рақ­тан­ды­ру­дың элек­трон­дық жүй­е­сін бас­қа­ру бл­ок­та­ры, гид­роб­лок (мо­ду­ля­тор)
    200
    Транс­мис­си­я­ны бас­қа­ру­дың элек­трон­дық бло­гы
    200
    Ша­нақ элек­тро­ни­ка­сың элек­трон­ды бас­қа­ру бло­гы
    200
    Ас­пап­тар ком­би­на­ци­я­сын бас­қа­ру бло­гы
    200
    Жақ­тау
    100
    Кер­гіш
    100
    Рөл жүй­е­сі
    200
    Рөл дөң­ге­ле­гі
    50
    Ай­на­лар
    50
    Ақ­па­рат­тық-ой­ын-са­уық жүй­е­сі­нің ас­пап­та­ры, муль­ти­ме­ди­я­лық жүйе
    100
    Лак-бо­яу ма­те­ри­ал­да­ры
    100
    Ас­па неме­се пнев­мо­ас­па
    100
    Отын ба­гы (элек­тро­мо­биль­дер­ден бас­қа)
    100
    Кө­пір­дің бі­лі­гі
    500
    Же­тек­ші кө­пір­дің ба­сты бе­рі­лі­сі (ре­дук­тор)
    500
    ЭВАК неме­се ГЛО­НАСС тү­рін­де­гі шұ­ғыл ша­қы­ру жүй­е­сі­нің бло­гы
    100

    Тізбеге 3-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    заңды тұлғаларымен Көлік

    құралдарын өнеркәсіптік

    құрастыру туралы келісімді

    жасасу қағидалары мен

    шарттарына, сондай-ақ

    өзгерту және бұзу үшін

    негіздемелерге

    3-қосымша

    Ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдарын, автобустар мен жүк автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да өн­ді­рі­стік құ­ра­с­ты­ру үшін та­лап­тар тіз­бе­сі
    Бал­дар
    1
    заң­ды тұ­лға­лар үшін ер­шік­ті тарт­қы­штар, ав­то­бу­стар, ар­найы мақ­сат­та­ғы кө­лік құ­рал­дар және жүк ав­то­мо­биль­де­рін өн­ді­ру­ге қа­ты­сты оқ­ша­у­ла­уды ба­ға­ла­удың бал­дық жүй­е­сі­нің ба­стап­қы та­лап­та­ры орын­дау
    3000
    2
    Негіз­гі қа­ра­жат­тар­ға ке­мін­де 100 мың АЕК қо­сым­ша ин­ве­сти­ци­я­лар
    500
    3
    Кө­лік құ­ра­лы­ның қо­сым­ша мо­де­лі­нің (3 мо­дель­ден ар­тық емес) ша­на­ғын/ка­би­на­сын қа­лып­тау
    500
    4
    Кө­лік құ­ра­лы­ның қо­сым­ша мо­де­лі­нің ша­на­ғын/ка­би­на­сын дәне­кер­леу
    500
    5
    Кө­лік құ­ра­лы­ның қо­сым­ша мо­де­лі­нің ша­на­ғын/ка­би­на­сын бо­яу
    500
    6
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да өн­ді­рі­ле­тін кө­лік құ­ра­лы­на бұй­ым­дар мен құ­рам­дастар­ды қол­да­ну*:
    Қоз­ғалт­қыш
    500
    АБҚ (ауы­спа­лы бе­рі­ліс қо­ра­бы)
    500
    Ва­ри­а­тор
    500
    АКБ (ак­ку­му­ля­тор ба­та­ре­я­сы)
    500
    Дис­кі­лер
    500
    Ши­на­лар
    500
    Бам­пер­лер
    500
    Есік тұт­қа­ла­ры
    250
    Сырт­қы ай­на­ның қап­шы­ғы
    250
    Орын­дық­тар
    200
    Шы­ға­ру жүй­е­сі
    100
    Ди­а­гно­сти­ка және қа­шық­тық­тан бас­қа­ру жүй­е­ле­рі
    100
    Шы­ны­лар
    200
    Сым­дар­дың бу­ма­сы
    500
    Са­лон­ға ар­нал­ған ре­зең­ке кі­лем­ше­лер
    100
    Еден­дер­ді қап­тау бөл­шек­те­рі
    100
    Жы­лу, жел­дет­кіш және ауа бап­тау жүй­е­ле­рі­нің мо­дул­де­рі
    100
    Тех­ни­ка­лық сұй­ық­тық­тар:
    Мо­тор майы
    50
    АБҚ майы
    20
    Те­же­гіш сұй­ық­тығы
    20
    Сал­қын­дат­қыш
    20
    Жуу сұй­ық­тығы
    10
    Сүз­гі­лер
    200
    Ра­ди­а­тор
    100
    Тү­тіктер мен құ­быр­шек­тер
    50
    Мой­ын­ті­рек­тер
    50
    Қа­уіп­сіз­дік бел­дік­те­рі
    50
    Қа­уіп­сіз­дік жа­стық­та­ры
    200
    Сырт­қы жа­рық­тан­ды­ру ас­пап­та­ры
    100
    Сөн­дір­гіш және газ шы­ға­ра­тын тү­тік
    50
    Те­же­гіш жүй­е­сі
    100
    Қоз­ғалт­қы­шты бас­қа­ру­дың элек­трон­дық бло­гы
    200
    Бұ­ғат­та­у­ға қар­сы жүй­е­ні және ав­то­мо­биль­ді сер­пін­ді тұ­рақ­тан­ды­ру­дың элек­трон­дық жүй­е­сін бас­қа­ру бл­ок­та­ры, гид­роб­лок (мо­ду­ля­тор)
    200
    Транс­мис­си­я­ны бас­қа­ру­дың элек­трон­дық бло­гы
    200
    Ша­нақ элек­тро­ни­ка­сың элек­трон­ды бас­қа­ру бло­гы
    200
    Ас­пап­тар ком­би­на­ци­я­сын бас­қа­ру бло­гы
    200
    Жақ­тау
    100
    Кер­гіш
    100
    Рөл жүй­е­сі
    200
    Рөл дөң­ге­ле­гі
    50
    Ай­на­лар
    50
    Ақ­па­рат­тық-ой­ын-са­уық жүй­е­сі­нің ас­пап­та­ры, муль­ти­ме­ди­я­лық жүйе
    100
    Лак-бо­яу ма­те­ри­ал­да­ры
    100
    Ас­па неме­се пнев­мо­ас­па
    200
    Отын ба­гы (элек­тро­мо­биль­дер­ден бас­қа)
    50
    Кө­пір бі­лі­гі
    500
    Же­тек­ші кө­пір­дің ба­сты бе­рі­лі­сі (ре­дук­тор)
    500
    ЭВАК неме­се ГЛО­НАСС тү­рін­де­гі шұ­ғыл ша­қы­ру жүй­е­сі­нің бло­гы
    100
    Жал­пы және (неме­се) ар­найы мақ­сат­та­ғы қон­дыр­ма:
    Ав­то­кран
    100
    Ре­фри­же­ра­тор
    100
    Ци­стер­на
    500
    Борт­тық плат­фор­ма
    75
    Өрт сөн­ді­ру ав­то­мо­би­лі
    500
    Қо­қыс та­су­шы
    500
    Ре­ани­мо­биль
    100
    Ме­ди­ци­на­лық ав­то­кө­лік
    100
    Тұт­қын­дар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған ав­то­мо­биль
    100
    Эва­ку­а­тор
    100
    Де­мон­странт­тар­ды та­ра­ту­ға ар­нал­ған ав­то­мо­биль
    100
    Ком­му­нал­дық-жол тех­ни­ка­сы
    100
    Өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар фур­го­ны
    100
    Изо­тер­ми­я­лық фур­гон
    100
    Са­мо­свал
    100
    Ар­найы мақ­сат­та­ғы бас­қа қон­дыр­ма­лар
    100
    Жал­пы мақ­сат­та­ғы бас­қа қон­дыр­ма­лар
    100

    Тізбеге 4-қосымша

    Басым ауыл шаруашылығы

    машиналары мен жабдықтарының

    тізбесін қалыптастыру

    қағидаларына 1-қосымша

    Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесі

    Ба­сым­ды ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ма­ши­на­ла­ры мен жаб­дық­та­ры­ның ата­уы
    Ба­сым­ды ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ма­ши­на­ла­ры мен жаб­дық­та­ры­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры
    СЭҚ ТН ко­ды
    Қол­да­ны­с­та­ғы өнер­к­ә­сіп­тік құ­ра­с­ты­ру ту­ра­лы ке­лі­сім­нің және (неме­се) «СТ-KZ» ны­са­нын­да­ғы та­у­ар­дың шы­ғу те­гі ту­ра­лы сер­ти­фи­кат және (неме­се) Ті­зі­лім­нен үзін­ді кө­шір­ме мә­лі­мет­те­рі
    Ескертпе: «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.