Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 наурыз 2026 ж.

    Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

    Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 90) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар

    министрі

    2025 жылғы 26 тамыздағы

    № 359

    бұйрығымен бекітілген

    Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидалары

    1 тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 90) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру тәртібін айқындайды.

    2. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беруді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

    2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    3. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) алу үшін тапсырыс беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіндегі «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алуға өтініш береді.

    Процестің сипаттамаларын, көрсетілетін қызметтің нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

    Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті Порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама алады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын айқындайды. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    4. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

    Көрсетілетін қызметті алушы Қорытындыны алу үшін құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы салынған объектіге өрт-техникалық тексеруді жүзеге асырады.

    Қорытынды беру туралы оң шешім болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 309 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36593 болып тіркелген) Қорытындының электрондық нысанын қалыптастырады.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде электрондық нәтижеге қол қояды және оны Портал арқылы беруді жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің көшірмесі электрондық құжатайналымы жүйесі арқылы берілген күні аумақтылығы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына жолданады.

    Ақпараттық жүйелер істен шыққан жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламалар жіберуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық іркілістер пайда болған кезден бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін дереу шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

    5. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтініш берушілерді уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті Қорытындыны бір мезгілде бере отырып, Қорытынды берудегі өз шешімі туралы хабардар етеді.

    6. Қорытынды алуға арналған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері қағаз форматында іске қалыптастырылады.

    7. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға береді.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қарау мерзімі шағым бойынша қосымша зерделеу, тексеру не қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Объектінің өрт қауіпсіздігі

    талаптарына сәйкестігі

    туралы қорытынды беру

    қағидаларына 1-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар

    министрлігінің

    ______________

    Төтенше жағдайлар

    департаментінің бастығына

    Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беруге өтініш

    Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарауыңызды және

    ______________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

    объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беруіңізді сұраймын.

    Объектінің орналасқан жері: ____________________________________________________

    Тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің № және күні

    _____________________________________________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________

    _________________________________________________________________________________

    Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Басшы

    __________________________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    _____________________

    (күні)

    Объектінің өрт қауіпсіздігі

    талаптарына сәйкестігі туралы

    қорытынды беру

    қағидаларына 2-қосымша

    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Объ­ек­ті­нің өрт қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­ру
    2
    Қыз­мет бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар де­пар­та­мент­те­рі.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі (ка­нал­да­ры)
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Пор­тал ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    15 жұ­мыс кү­ні.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі – объ­ек­ті­нің өрт қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды бе­ру неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру;
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    8
    Жұ­мыс гра­фи­гі
    1) қызы­мет бе­ру­ші 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 09.00-ден са­ғат 18.30-ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден са­ғат 14.30-ға түс­кі үзіл­іспен.
    2) Пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да: www.​emer.​gov.​kz;
    2) «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да: www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz ор­на­лас­қан.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық өті­ніш;
    2) бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­кі­ті­л­ген жо­ба­лау (жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­сы­ның кө­шір­ме­сі;
    3) оң са­рап­та­ма­лық қо­ры­тын­ды­ның кө­шір­ме­сі;
    4) от­қа тө­зім­ді­лік ше­гі­нің көр­сет­кіш­те­рін, құ­ры­лыс кон­струк­ци­я­ла­ры­ның (оның ішін­де ой­ық­тар­ды тол­ты­ру кон­струк­ци­я­ла­ры­ның) өрт қа­уіп­ті­лі­гі сы­ны­бын, сон­дай-ақ құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның (оның ішін­де әр­леу ма­те­ри­ал­да­ры­ның) өрт қа­уіп­ті­лі­гі көр­сет­кіш­те­рін қо­са ал­ған­да, өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­рі
    1) объ­ек­ті­де орын­дал­ған құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры­ның бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен бе­кі­ті­л­ген жо­ба­лау (жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да Пор­тал ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
    8 (7172) 60-21-33, бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.