Байғанин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 52 «Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 тамыз 2025 ж.

    Байғанин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 52 «Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Байғанин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 52 «Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27697 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Байғанин ауданының әкімі

    А. Купенов

    Байғанин ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 25 тамыздағы

    № 208 қаулысына қосымша

    Байғанин аудандық әкімдігінің

    2022 жылғы 14 сәуірдегі

    № 52 қаулысымен бекітілді

    Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Ста­ци­о­нар­лық емес са­уда объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру орын­да­ры
    Ор­на­лас­қан ала­ңы, шар­шы метр
    Са­уда қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ке­зе­ңі, жыл
    Жа­қын ара­да­ғы ин­фра­құ­ры­лым­ды есеп­ке ал­ған­да­ғы қыз­мет са­ла­сы (ұқсас та­у­ар­лар ас­сор­ти­мен­ті са­ты­ла­тын са­уда обьек­ті­ле­рі, сон­дай-ақ қо­ғам­дық та­мақ­та­ну обьек­ті­ле­рі)
    1
    Но­ғай­ты ауы­лы, Ор­та­лық кө­ше­сі, Но­ғай­ты ауыл­дық клу­бы­ның сол жа­ғын­да
    150
    5
    «Нұ­рай» дү­ке­ні
    2
    Жар­қа­мыс ауы­лы, Ор­та­лық кө­ше­сі, № 102 «А» үй­і­нің оң жа­ғын­да
    50
    5
    «На­уры­з­бек» дү­ке­ні
    3
    Ой­мауыт ауы­лы, ор­та­лық ста­ди­он­ның сол жа­ғын­да
    1500
    5
    жоқ
    4
    Ке­мер­ши ауы­лы, По­шта кө­ше­сі, № 28 «А» үй­іне қа­ра­ма-қар­сы
    150
    5
    «Көр­кем», «Ра­хат» дү­кен­де­рі
    5
    Жа­ңа­таң ауы­лы, Қа­ра­тас кө­ше­сі, Жа­ңа­таң ауыл­дық клу­бы­ның оң жа­ғын­да
    50
    5
    «Нар­тай» дү­ке­ні
    6
    Бұ­лақ­ты­көл ауы­лы, Сор­көл кө­ше­сі, № 2 үй­дің сол жа­ғын­да
    50
    5
    жоқ
    7
    Ал­тай ба­тыр ауы­лы, Бұ­лақ кө­ше­сі, № 30 үй­дің оң жа­ғын­да
    50
    5
    «Асы­л­тас» дү­ке­ні
    8
    Ми­я­лы ауы­лы, Жем-Өзе­ні кө­ше­сі, № 17 үй­дің сол жа­ғын­да
    225
    5
    жоқ
    9
    Ми­я­лы ауы­лы, Ор­та­лық кө­ше­сі, № 8 үй­дің сол жа­ғын­да
    225
    5
    «Әлия» дү­ке­ні
    10
    Ебей­ті ауы­лы, Же­ңіс кө­ше­сі, Ебей­ті ауыл­дық клу­бы­ның сол жа­ғын­да
    150
    5
    жоқ
    11
    Жар­лы ауы­лы, Ар­да­гер­лер кө­ше­сі, № 5 үй­дің оң жа­ғын­да
    40
    5
    «На­зер­ке» дү­ке­ні
    12
    Жар­лы ауы­лы, Бо­лат жо­лы кө­ше­сі, № 10 үй­дің сол жа­ғын­да
    48
    5
    жоқ
    13
    Қа­ра­уыл­кел­ді ауы­лы, «Дәу­ім­шар ба­тыр» ес­керт­кі­ші­нің ар­ты
    400
    5
    «Иса» дү­ке­ні
    14
    Қа­ра­уыл­кел­ді ауы­лы, жа­ңа өрт сөн­ді­ру де­по­сы мен те­мір­жол­дың ара­лы­ғы
    500
    5
    «Асем» дү­ке­ні
    15
    Қа­ра­уыл­кел­ді ауы­лы, Аэро­порт кө­ше­сі, № 1 үй­дің сол жа­ғын­да
    2000
    5
    жоқ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.