Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарына жолақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2025 ж.

    Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарына жолақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) азаматтардың мынадай санаттарына жолақы төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленсін:

    1) 70 жастан асқан азаматтарға – тариф құнынан 55 %;

    2) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Өскемен қаласының Құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;

    3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көру қабілеті бойынша екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, 80 жастан асқан азаматтарға – трамваймен тегін жол жүру.

    2. Қаржыландыру көзі болып жергілікті бюджет анықталсын.

    3. Осы бірлескен қаулы мен шешім 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жеңілдіктерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Өскемен қаласының әкімі

    А. Акышов

    Өскемен қалалық маслихатының төрағасы

    А. Светаш

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.