2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 желтоқсан 2025 ж.

    2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес орналастырылсын.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы

    Н. Календеров

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2025 жылғы « 2 » желтоқсандағы

    № 245 қаулысына 1-қосымша

    2025-2026 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

    Білім беру саласының коды және сыныпталуы
    Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы
    Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы
    2025-2026 оқу жылына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемі (орын саны)
    Оқу жылында
    1 студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу (толық оқу)
    ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
    1
    6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету
    6В101 Денсаулық сақтау
    В086 Жалпы медицина
    7
    1230700
    1218300
    М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
    2
    6В01 Педагогикалық ғылымдар
    6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
    В010 Физика мұғалімдерін даярлау
    4
    1139200
    1008100
    В009 Математика мұғалімдерін даярлау
    4
    1139200
    1008100
    Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университеті
    3
    6В01 Педагогикалық ғылымдар
    В001 Педагогика және психология
    B001 Педагогика және психология
    4
    1139 200
    1008100
    Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
    4
    6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    B027 Театр өнері
    1
    1209300
    1055900
    «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
    5
    6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    6В022 Гуманитарлық ғылымдар
    В033 Дінтану және теология
    7
    1209300
    1055900
    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
    6
    6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
    6B082 Мал шаруашылығы
    B078 Мал шаруашылығы
    3
    933600
    831800
    Барлығы
    30

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2025 жылғы « 2 » желтоқсандағы

    № 245 қаулысына 2-қосымша

    2025-2026 оқу жылына жоғары орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

    Білім беру саласының коды және сыныпталуы
    Білім беру бағдарламасы тобының коды
    және атауы
    2025-2026 оқу жылына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемі (орын саны)
    Оқу жылында
    1 студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу (толық оқу)
    ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
    1
    7R09 Денсаулық сақтау
    Акушерия және гинекология (оның ішінде балалар гинекологиясы)
    4
    1 939 900
    1 398 900
    2
    Анестезиология және реаниматология (оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы)
    2
    1 939 900
    1 398 900
    3
    Дерматовенерология ересектердің, балалардың
    1
    1 939 900
    1 398 900
    4
    Кардиология (оның ішінде кардиология балалардың)
    1
    1 939 900
    1 398 900
    5
    Неврология ересектердің, балалардың
    2
    1 939 900
    1 398 900
    6
    Оториноларингология ересектердің, балалардың
    3
    1 939 900
    1 398 900
    7
    Офтальмология (оның ішінде офтальмология балалардың)
    3
    1 939 900
    1 398 900
    8
    Радиология
    5
    1 939 900
    1 398 900
    9
    Травматология - ортопедия (оның ішінде травматология - ортопедия балалардың)
    1
    1 939 900
    1 398 900
    Барлығы
    22

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.