Бұланды ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 тамыз 2025 ж.

    Бұланды ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.

    2. «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К.Н. Исмағамбетоваға жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Смайылов

    Бұланды ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «»

    № қаулысымен

    бекітілген

    Бұланды ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

    Қызмет түрлері
    Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге
    1
    Үйде қызмет көрсету
    3034,58

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.