Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;

    2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), сондай-ақ Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі – тіркеуші орган) бірыңғай мемлекеттік деректер банкін қалыптастыру мақсатында және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Жылжымалы құрамды қайта тіркеу үшін негіздер:

    1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке (оның ішінде жеке кәсіпкер) және заңды тұлғаның тіркелген орнын бір қаладан басқа қалаға ауыстыру;

    2) заңды тұлғаны қайта атау;

    3) тізілімге бұрын енгізілген жылжымалы құрамның мәліметтері өзгерген жағдайда (конструкциялық элементтер, техникалық сипаттамалар, идентификациялық деректер, тіркелген орны), растайтын құжаттары бар жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.»;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кепілі) болып табылады, оны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш береді.

    Кепілдің мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің нәтижесін, сондай-ақ кепілдің өзге де мәліметтерді қамтитын кепілдің мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, кепілдің мемлекеттік қызметін көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті тіркеу органының қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығы және (немесе) растығы үшін жауапты болады.

    Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және кепілдің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16:00-ден кейін келіп түскен жағдайда «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.

    Тіркеуші органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, тіркеуші орган осы Қағидалардың 8-қосымшасының 3-тармағынада көрсетілген мерзімде ұсынылған құжаттардың анықтығын және көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің осы Қағидалардың 8-қосымшасының 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не кепілдің мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап не осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы ресімделеді.

    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеуші органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында пайдаланушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;

    мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

    «23-1. Көрсетілетін қызметті алушы тіркелген кепілдің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін қозғалмалы мүліктің кепілін беру жөнінде өтініштерді осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес портал арқылы жібереді.»;

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Кепілді мемлекеттік тіркеу, тіркелген кепілге өзгерістер, толықтырулар, тоқтату және жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы шешімді не бас тартуды тіркеуші орган «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11, 13, 16, 17 және 19-баптарына сәйкес қабылданады.»;

    27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «27. Жылжымалы құрам мынадай жағдайларда тізілімнен шығарылады:

    1) жылжымалы құрамды есептен шығару, оның қалпына келтірусіз зақымдануы;

    2) жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлғаның не дара кәсіпкердің қызметі таратылған не тоқтатылған;

    3) меншік құқығын растайтын құжаттың не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг не мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының қолданылуы тоқтатылған жағдайларда жүзеге асырылады;

    4) бір жеке не заңды тұлғада бірнеше тіркеуші органдарда тіркелген жылжымалы құрамның қайталануы;

    5) мемлекеттік қызмет көрсетілгеннен кейін ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі және (немесе) жарамсыздығы анықталған жағдайда, көрсетілген мемлекеттік қызметті растайтын құжаттардың негізінде көрсетілетін қызметті беруші жояды.»;

    4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    Н. Сауранбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрі

    2025 жылғы 15 тамыздағы

    № 269

    бұйрығына 1-қосымша

    Қалалық рельстік көліктің

    көлік құралдарын мемлекеттік

    тіркеу қағидаларына

    2-қосымша

    «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­у­ла­ры
    1) Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу;
    2) Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру.
    3
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аста­на, Ал­ма­ты, Пав­ло­дар, Өс­ке­мен және Те­мір­тау қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу ке­зін­де осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік ре­сім­де­ле­ді; қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен алып та­с­та­ған кез­де қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен қа­ла­лық ре­льсті кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын алып та­стау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма ре­сім­де­ле­ді; неме­се Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    1. Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу
    же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ку­ә­лі­гін мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін алым «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де (Са­лық ко­дек­сі) бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен және мөл­шер­де алы­на­ды және алым тө­лен­ген кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 0,25 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
    Бюд­жет­ке тір­кеу алы­мы­ның со­ма­сын тө­леу қол­ма – қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    2. Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­ры­ның ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру те­гін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) пор­тал­да – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш;
    2) мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    3) дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­ра­лы­ның әр­бір бір­лі­гіне ар­нал­ған тех­ни­ка­лық пас­порт­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (фор­му­ляр).
    Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын алып та­стау үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш;
    2) кей­ін­нен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс­қа­ры жер­лер­де пай­да­ла­ну үшін әке­те оты­рып, Қа­ла­лық ре­льстік кө­лік­тің кө­лік құ­рал­да­рын есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы ак­ті не за­қым­дау, ие­лік­тен шы­ға­ру ту­ра­лы құ­жат.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, қа­ла­лық ре­льстік кө­лік құ­рал­да­рын тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да, тір­кеу алы­мы­ның тө­лен­ге­нін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    11
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған.
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бар, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­ла­ды;
    5) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414 те­ле­фо­ны ар­қы­лы, неме­се қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да алу­ға бо­ла­ды.

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрі

    2025 жылғы 15 тамыздағы

    № 269

    бұйрығына 2-қосымша

    Жылжымалы құрамды және

    оның кепілін мемлекеттік тіркеу

    (қайта тіркеу), сондай-ақ

    Мемлекеттік жылжымалы құрам

    тізілімінен алып тастау

    қағидаларына

    4-қосымша

    «Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы
    Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу)
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­у­ла­ры
    1) Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу;
    2) Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік қай­та тір­кеу;
    3) Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­нен шы­ға­ру.
    3
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу және қай­та тір­кеу ке­зін­де жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік бе­рі­ле­ді; жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­нен шы­ға­ру ке­зін­де жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­нен шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бе­рі­ле­ді; не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­рі­ле­ді. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі­нің ны­са­ны - элек­трон­дық.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы және те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Жүк, жо­ла­у­шы­лар, ар­найы жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­тін тарт­қыш, сон­дай-ақ мо­то­р­ва­гон­ды жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­ке­уді қо­с­па­ған­да, те­гін негіз­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Тір­кеу алы­мы «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне (Са­лық ко­дек­сі) бел­гі­лен­ген мөл­шер­ле­ме­лер бой­ын­ша және тәр­тіп­пен жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке тө­ле­не­ді:
    1) тір­кеу үшін – алым тө­ле­не­тін кү­ні қол­да­ны­с­та­ғы 0,25 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі – АЕК);
    2) қай­та тір­кеу үшін – алым­ды тө­леу кү­ні қол­да­ны­ста болған 0,25 АЕК.
    Алым со­ма­сын тө­леу қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі
    Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің бө­лі­мі­нің «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­гін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­нен шы­ға­ру те­гін негіз­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін.
    Өті­ніш де­ма­лыс (сен­бі және жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа са­ғат 16:00-ден кей­ін ке­ліп түс­кен жағ­дай­да «Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу)» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де көр­се­ті­ле­ді.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    2) пор­тал­да элек­трон­дық тол­ты­ры­лып және ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге жа­та­тын жы­л­жы­ма­лы құ­рам пар­кі­нің тіз­бе­сі;
    3) мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (оның ішін­де егер ол бұ­рын мем­ле­кет­тік тір­кеу ор­ган­да­рын­да тір­кел­ген бол­са, жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның мем­ле­кет­тік ті­зі­лі­мі­нен шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы);
    4) жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның әр­бір бір­лі­гіне дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың тех­ни­ка­лық пас­пор­ты­ның (фор­му­ляры­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік қай­та тір­кеу үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    2) пор­тал­да элек­трон­дық тол­ты­ры­лып және ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге жа­та­тын жы­л­жы­ма­лы құ­рам пар­кі­нің тіз­бе­сі;
    3) жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды қай­та тір­кеу үшін негіз­де­ме­ні рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды Мем­ле­кет­тік ті­зі­лім­нен шы­ға­ру үшін:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    2) ер­кін ны­сан­да­ғы жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы акт не жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның за­қым­дан­ға­ны және/неме­се жо­ғал­ға­ны ту­ра­лы құ­жат не мү­лік­тік жал­дау (жал­ға алу), ли­зинг шар­ты не мен­шік құқы­ғы­ның тоқ­та­ты­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат (са­тып алу-са­ту, сый­ға тар­ту, мұ­ра­гер­лік шар­ты).
    11
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414 те­ле­фо­ны ар­қы­лы да алу­ға бо­ла­ды.

    бұйрығына 3-қосымша

    Жылжымалы құрамды және

    оның кепілін мемлекеттік тіркеу

    (қайта тіркеу), сондай-ақ

    Мемлекеттік жылжымалы құрам

    тізілімінен алып тастау

    қағидаларына

    8-қосымша

    «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы
    Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­у­ла­ры
    1) Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу;
    2) Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін өзгер­ту, то­лық­ты­ру­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу;
    3) Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның тір­кел­ген ке­пі­лін тоқ­та­ту;
    4) Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру.
    3
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1 (бір) жұ­мыс кү­ні.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Мем­ле­кет­тік тір­кеу, өзге­рі­стер, то­лық­ты­ру­лар ке­зін­де-жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се дәлел­ді бас тар­ту;
    тір­кел­ген ке­піл тоқ­та­ты­л­ған кез­де - ке­піл­ді тір­ке­уден шы­ға­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се дәлел­ді бас тар­ту;
    жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы тел­нұс­қа бе­ру ке­зін­де-жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы неме­се дәлел­ді бас тар­ту.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу, жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның тір­кел­ген ке­пі­лін өзгер­ту, то­лық­ты­ру, жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру және тоқ­та­ту үшін алым «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық Ко­дек­сі)» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сін­де бел­гі­лен­ген алым мөл­шер­ле­ме­сі бой­ын­ша тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша жер­гі­лік­ті бюд­жет­ке тө­ле­не­ді және:же­ке тұ­лға­лар үшін 1 (бір) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі – АЕК); заң­ды тұ­лға­лар үшін – 5 (бес) АЕК; жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бер­ге­ні үшін – алым тө­лен­ген күн­ге 0,5 АЕК.
    Алым со­ма­сын тө­леу «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы қол­ма­қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің - www. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да Кө­лік ми­ни­стр­лі­гі Ав­то­мо­биль кө­лі­гі және кө­лік­тік ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің бө­лі­мі­нің «Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қыз­мет­те­рі» бө­лі­гін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, құ­жат­тар­ды қа­был­дау тәу­лік бойы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзі­ліс пен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін.
    Өті­ніш де­ма­лыс (сен­бі және жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа са­ғат 16:00-ден кей­ін ке­ліп түс­кен жағ­дай­да «Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу)» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де көр­се­ті­ле­ді.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1. Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ке­піл­ді тір­кеу ту­ра­лы өті­ніш;
    2. Өзге­рі­стер­ді, то­лық­ты­ру­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу және тір­кел­ген ке­піл­дің тоқ­та­ты­луы үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 11-қо­сым­ша­ға сәй­кес ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған ны­сан бой­ын­ша өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы өті­ніш;
    3. Жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын алу үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 10-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған тел­нұс­қа­сын бе­ру ту­ра­лы өті­ніш.
    Өті­ніш­ті пор­тал ар­қы­лы жі­бер­ген кез­де жы­л­жы­ма­лы мү­лік ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу, жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның тір­кел­ген ке­пі­лін өзгер­ту, то­лық­ты­ру, жы­л­жы­ма­лы құ­рам ке­пі­лін мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру және тоқ­та­ту үшін бюд­жет­ке алым тө­леу «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған, же­ке ба­сын рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­ті тір­кеу ор­га­ны­ның қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    11
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­да элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414 те­ле­фо­ны ар­қы­лы да алу­ға бо­ла­ды.

    бұйрығына 4 - қосымша

    Жылжымалы құрамды және

    оның кепілін мемлекеттік тіркеу

    (қайта тіркеу), сондай-ақ

    Мемлекеттік жылжымалы құрам

    тізілімінен алып тастау

    қағидаларына

    10-1-қосымша

    Нысан

    Тегі аты әкесінің аты

    ______________________________

    (бар болса) (бұдан әрі – Т. А. Ә.)

    немесе көрсетілетін қызметті

    алушының ұйымның атауы

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

    Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтініш

    Мен,_________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған кезде)

    _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және тұратын

    жері)______________________________________ тұратын мекенжайы бойынша

    ____________________________________________________________ негізінде (өкілеттіктерді куәландыратын құжаттың деректемелері)

    __________________________________________________ атынан әрекет ететін (заңды тұлғаның атауы мен деректемелері)

    ____________________________________________________________________ (уәкілетті өкіл толтырады)

    ____________________________________________________________________

    Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруді сұраймын.

    № ____________куәлік, «___» ___________ 20___жыл.

    Телнұсқаның берілу себебі:

    ________________________________________________________________

    _______________________________________________________________ Өтінішке қоса беремін:

    _________________________________________________________

    __________________________________________________________

    __________________________________________________________

    Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    20____жылғы «___» ___________ _______ (ЭЦҚ)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.