Мәслихаттың «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 тамыз 2025 ж.

    Мәслихаттың «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қостанай облыстық мәслихатының «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 75 - жолмен толықтырылсын:

    «

    75
    Маршрут № 7 «ДСР-Житикара-ДСР» (қалалық (Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы))

    ».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

    М. Жутаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.