Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 тамыз 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19,69-баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы 2025 жылғы 06 тамыздағы №1939 бұйрығына сәйкес Сауран ауданы әкімдігінің Иассы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:

    1. Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Дихан ауылы аумағынан ені 2 метр талшықты-оптикалық байланыс желісі жер жертелімдеріне жалпы алаңы 0,9352 га (9352 ш.м.) жер теліміне "Қазақтелеком" АҚ филиалы – "Желі" дивизионы" бірлестігіне 3 (жыл) мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Иассы ауылдық округі әкімі

    С.Пирметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.