Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 тамыз 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 21 тамыздағы

    № 456 Бұйрығымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 желтоқсанда № 25488 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

    287-тармақ:

    мынадай мазмұндағы 29-1)-тармақшасымен толықтырылсын:

    «29-1) ғарыштық жүйелерді құруға арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;

    мынадай мазмұндағы 32-2)-тармақшасымен толықтырылсын:

    «32-2) ұлттық басқарушы холдингтердің және дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнама шеңберінде басқарушы компания өткізетін тауарларды және (немесе) мүлікті (активті) сатып алуы;»;

    көрсетілген Қағидаларға 23-қосымшада:

    Құрылыс саласындағы жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шартында:

    14.3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға және сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда шарт сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ шартты орындау мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде.

    Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамадағы өзгерістерге байланысты соманың ұлғаюы бөлігінде шартқа өзгерістер енгізілген жағдайда, шарт сомасын ұлғайту әлеуетті өнім беруші тендерге қатысу бағасын ұсынған кезде есептелген ең төменгі шекті демпингтік құн ескеріле отырып жүзеге асырылады;».

    2. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 тамызда № 34933 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін осы тізімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    3. «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 677 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қазанда № 35226 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы тізімге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Қағидалар:

    1) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 546 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34933 болып тіркелген) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатын;

    2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген;

    3) мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсететін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесіне сәйкес, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі осы тізімге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    4. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

    55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «55. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабы Заңның 27-бабының 1 – 6 тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 «Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32984 болып тіркелген) мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші көмекпен мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген әлеуетті өнім берушілерге олардан Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімінен тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қолданылмайды.»;

    мынадай мазмұндағы 266-1-тармақпен толықтырылсын:

    «266-1. Егер әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдау күнінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде Заңның 8-бабының 7-тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болған жағдайда, веб-портал осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың шартты шегерімінің жалпы сомасынан автоматты түрде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз алып тастайды.

    Бұл ретте, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін осы теріс мән әлеуетті өнім берушінің белгіленген кезеңде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу жағдайларының санына қарамастан, бір рет қолданылады.»;

    435-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «435-1. Егер тауарға тапсырысты рәсімдеу кезінде сауда алаңдары осы Қағидалардың 442-тармағының шарттарына сәйкес келетін екіден аз баға ұсынысын ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші жұмыс күндері 24 (жиырма төрт) сағат өткеннен кейін тапсырысты рәсімдеу күнін көрсете отырып, осындай тауарға баға ұсыныстарын беру үшін алдын ала тапсырысты жариялайды.

    Бұл ретте, егер көрсетілген уақытта осы Қағидалардың 442-тармағының талаптарын ескере отырып, екіден астам баға ұсынысы жиналса, электрондық дүкен тапсырысты автоматты түрде қалыптастырады, өзге жағдайда сатып алу өтпеді деп танылады.

    Электрондық сауда алаңдары арқылы әлеуетті өнім берушілер тапсырысқа қатысу үшін осындай тауарға баға ұсыныстарын орналастыра алады.»;

    460-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «460. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу кезінде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:

    1) әлеуетті өнім беруші ұсынатын жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкестігі;

    2) әлеуетті өнім берушінің қызметі мақсатының (құрылтай құжаттарына сәйкес) тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметтеріне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген салалар сәйкестігі;

    3) әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» болуы туралы мәліметтер;

    4) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;

    5) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың еңбек өтілі мен біліктілігі;

    6) жоба жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылған жағдайда – үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі.

    Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша баллдарды есептеу конкурстық құжаттамаға 21-қосымшаға сәйкес есептеледі.»;

    мынадай мазмұндағы 492-1-тармақпен толықтырылсын:

    «492-1. Әлеуетті өнім беруші Заңның 25-бабына және қағидалардың 19-тарауына сәйкес тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, тұрғын үйді мемлекеттік сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы.»;

    көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшасы осы тізімге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 38-қосымшада:

    Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартында:

    5.1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) егер Тауар Қазақстанда шығарылған болса немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленсе, онда «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23514 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген «СТ-KZ» Тауардың шығарылған елі туралы сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесін немесе электрондық формада ұсынылады.

    Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларға сәйкес берілген белгіленген үлгінің түпнұсқасы немесе көшірмесі немесе уәкілетті ұйым куәландырған «СТ-KZ» тауарының шығу тегі туралы сертификаттың электрондық нысаны жеткізілетін көлемге немесе сериялық өндіріс өнімдері.

    Егер шетелдік тауар шығарылған болса, онда тауарды әкететін ел (одақ) біржақты тәртіппен белгілеген қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің (шарттардың) және (немесе) шығарылған елді айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес әкелу елінің уәкілетті органы (ұйымы) берген тауардың шығу тегі туралы тиісті сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі ұсынылады.

    Осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана қолданылады.

    Осы тармақтың 4)-тармақшасының талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып тастау белгіленген бағдарламалық қамтылым санатына жатқызылған тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қолданылмайды.».

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігінің өзгерістер

    мен толықтырулар енгізілетін

    кейбір бұйрықтарының тізбесіне

    1-қосымша

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 15 тамыздағы

    № 546 бұйрығына

    1-қосымша

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

    Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы
    Мем­ле­кет­тік са­тып алу­ды жү­зе­ге асы­ру тә­сі­лі
    1.
    Тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме мен қа­ла құ­ры­лы­сы жо­ба­ла­рын әзір­леу жө­нін­де­гі жұ­мыстар
    Кон­курс
    2.
    Ак­кре­дит­тел­ген са­рап­та­ма­лық ұй­ым­дар­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­тын объ­ек­ті­лер құ­ры­лы­сы жо­ба­ла­ры­на ке­шен­ді ве­дом­ст­во­дан тыс са­рап­та­ма бой­ын­ша жұ­мыстар
    Кон­курс
    3.
    Құ­ры­лыс-мон­таж­дау жұ­мыста­ры
    Рей­тинг­тік-бал­дық жүйе пай­да­ла­ны­ла­тын кон­курс
    4.
    Жо­ба­лау-сме­та­лық (үл­гі­лік жо­ба­лау-сме­та­лық) құ­жат­та­ма­ны әзір­леу жө­нін­де­гі жұ­мыстар
    Рей­тинг­тік-бал­дық жүйе пай­да­ла­ны­ла­тын кон­курс
    5.
    Құ­ры­лыс-жөн­деу жұ­мыста­ры бой­ын­ша тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау және (неме­се) жо­ба­лар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі ин­жи­ни­ринг­тік қыз­мет­тер
    Рей­тинг­тік-бал­дық жүйе пай­да­ла­ны­ла­тын кон­курс
    6.
    Қа­уіп­ті қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу, за­лал­сыздан­ды­ру, кә­де­ге жа­ра­ту және (неме­се) жою жө­нін­де­гі қыз­мет­тер
    Кон­курс
    7
    Бай­ла­ныс қыз­ме­ті
    Кон­курс

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігінің өзгерістер

    мен толықтырулар енгізілетін кейбір

    бұйрықтарының тізбесіне

    2-қосымша

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 8 қазандағы

    № 677 бұйрығына

    1-қосымша

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

    Ата­уы
    1.
    Та­у­ар­лар
    2.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке және заң­ды тұ­лға­ла­ры орын­дай­тын құ­ры­лы­сқа бай­ла­ны­сты емес жұ­мыстар
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке және заң­ды тұ­лға­ла­ры көр­се­те­тін қыз­мет­тер

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігінің өзгерістер

    мен толықтырулар енгізілетін кейбір

    бұйрықтарының тізбесіне

    3-қосымша

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2024 жылғы 8 қазандағы

    № 677 бұйрығына

    3-қосымша

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі

    Ата­уы
    Кө­ле­мі
    1.
    Та­у­ар­лар
    құ­ны рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген елу мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­ды
    2.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке және заң­ды тұ­лға­ла­ры орын­дай­тын құ­ры­лы­сқа бай­ла­ны­сты емес жұ­мыстар
    құ­ны рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген елу мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­ды
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның же­ке және заң­ды тұ­лға­ла­ры көр­се­те­тін қыз­мет­тер
    құ­ны рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бел­гі­лен­ген елу мың есе­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тен ас­пай­ды

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігінің өзгерістер

    мен толықтырулар енгізілетін кейбір

    бұйрықтарының тізбесіне

    4-қосымша

    Мемлекеттік сатып алуды

    жүзеге асыру қағидаларына

    7-қосымша

    Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама (конкурс нөмірі) (әрбір лотқа жеке қалыптастырылады)

    Күні мен уақыты

    Тапсырыс беруші* ____________________

    Конкурстың № _______________________

    Конкурстың атауы ____________________

    Ұйымдастырушының атауы ______________________________________

    Ұйымдастырушының мекенжайы ________

    Конкурстық комиссияның құрамы:

    Т.А.Ә. (ол бар бол­са)
    Ұй­ым­да­ғы ла­у­а­зы­мы
    Ко­мис­си­яда­ғы рө­лі
    Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі _
    _____
    Лот­тың №
    Лот­тың ата­уы
    Са­ны
    Бір­лік үшін ба­ға
    Са­тып алу үшін бө­лін­ген со­ма, тең­ге
    Лот № ______________________________
    Лот атауы ___________________________________________
    Конкурсқа (лотқа) қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:
    (хронология бойынша) (өтінімдер саны)
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
    Өті­нім бе­рі­л­ген кү­ні мен уа­қы­ты (хро­но­ло­гия бой­ын­ша)
    Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (осы ақпарат конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы болған кезде орналастырылады) (өтінімдер саны):
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН
    Өті­нім­ді қай­та­дан бе­ру кү­ні мен уа­қы­ты (хро­но­ло­гия бой­ын­ша)
    Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұралды (сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):
    Сұ­рау са­лу жі­бе­рі­л­ген ұй­ым­ның/тұл­ға­ның ата­уы
    Сұ­рау са­лу жі­бе­рі­л­ген күн
    Сұ­рау са­лу­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
    Сұ­рау са­лу­ға жа­у­ап бе­ру кү­ні
    Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы (әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер­дің тіз­бе­сі), БСН (ЖСН)/ ССН / ТЕН
    Ко­мис­сия мү­ше­сі­нің Т.А.Ә (ол бар бол­са)
    Шар­тты же­ңіл­дік %
    Ко­мис­сия мү­ше­сі­нің ше­ші­мі
    Ауыт­қу се­бе­бі
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және кон­кур­стық құ­жат­та­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес еме­сті­гін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер мен құ­жат­тар­ды көр­се­те оты­рып, қа­был­да­мау се­беп­те­рі­нің ег­жей-тег­жей­лі си­патта­ма­сы
    Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН
    Қа­был­да­маудың се­бе­бі1
    1мәтіндік мәннен тұратын анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес еместігі, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігі, Заңның 7-бабының талаптарын бұзушылық).
    Конкурсқа қатысуға келесі өтінімдер жіберілді (өтінімдер саны):
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ЖСН) / ССН/ТЕН
    Осы конкурсқа қатысуға ұсынылған конкурсқа қатысуға барлық өтінімдер тең болған кезде көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат:
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ЖСН) / ССН / НП
    Шар­тты же­ңіл­дік­тер, %
    Ағым­да­ғы жыл­дың ал­дын­да­ғы соң­ғы он жыл­да­ғы жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
    Тө­лен­ген са­лық­тар­дың көр­сет­кі­ші
    Та­у­ар­лар­дың функ­ци­о­нал­дық си­патта­ма­ла­ры
    Та­у­ар­лар­дың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры
    Та­у­ар­лар­дың са­па­лық си­патта­ма­ла­ры
    Та­у­ар­лар­дың пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­ры
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің жұ­мыстар­ды орын­дау ор­ны бой­ын­ша об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның ше­ка­ра­ла­рын­да­ғы ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­те бо­луы
    Аудит­тел­ген жыл­дық қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті қар­жы­лық есеп­ті­лік де­по­зи­та­рий­іне ор­на­ла­сты­ру
    Ке­лі­сім шар­ттар бой­ын­ша те­ріс мән­дер
    ЖҚТ бой­ын­ша те­ріс мән­дер
    Жал­пы шар­тты же­ңіл­дік, %
    Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын есептеу:
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ЖСН)/ ССН/ТЕН
    Бө­лін­ген со­ма
    Өнім бе­ру­ші­нің ба­ға­сы
    Заң­ның 13-ба­бы­на сәй­кес со­ма
    Шар­тты же­ңіл­дік мөл­ше­рі, %
    Шар­тты же­ңіл­дік ес­ке­рі­л­ген ба­ға
    Қар­жы­лық ор­нық­ты­лық көр­сет­кі­ші
    Ағым­да­ғы қар­жы жы­лын­да жа­сал­ған өт­кі­зі­ле­тін мем­ле­кет­тік са­тып алу мәніне сәй­кес ке­ле­тін мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шар­ттар­дың жал­пы со­ма­сы
    Өт­кі­зі­ле­тін мем­ле­кет­тік са­тып алу ны­са­на­сы­на сәй­кес ке­ле­тін мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы қол­да­ны­с­та­ғы шар­ттар­дың са­ны
    Өті­нім­ді бе­ру кү­ні мен уа­қы­ты
    Конкурстық комиссияның шешімі:
    1 № ___ лот бойынша жеңімпаз болып анықталсын:
    Же­ңім­паз­дың әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    Же­ңім­паз­дың әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің БСН/ЖСН
    Бе­не­фи­ци­ар­лық ие­сі­нің Т. А. Ә. (бар бол­са)
    Бе­не­фи­ци­ар­лық ие­сі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (құ­жат­тың нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­нін, аза­мат­тығ­ын, тұ­ра­тын елін көр­се­ту)
    Ак­ци­я­лар­дың 25% неме­се одан көп бө­лі­гін (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рін)ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ие­ле­ну
    Да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­лар­дың (жар­ғы­лық ка­пи­тал­ға қа­ты­су үле­сте­рі­нің) 25% неме­се одан кө­бін ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ие­ле­ну
    Ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің неме­се со­ған ұқсас бас­қа­ру­шы ор­ган­ның кө­пте­ген мү­ше­ле­рін та­ғай­ын­да­у­ға ті­ке­лей неме­се жа­на­ма құқы­ғы
    Бір­де-бір бе­не­фи­ци­ар ие­сі ал­дың­ғы шар­ттар­дың бі­ріне неме­се бір­не­ше­уіне сәй­кес кел­мей­ді
    Бе­не­фи­ци­ар­лық ие­ле­ну­ші­ні анық­тау мүм­кін еме­сті­гі ту­ра­лы ақ­па­рат (құ­жат­тың қо­сым­ша­сы)
    Иә/жоқ
    Иә/жоқ
    Иә/жоқ
    Иә
    Екінші орын алаған әлеуетті өнім беруші:
    Екін­ші орын ал­ған әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН/ЖСН
    2. Тапсырыс беруші (тапсырыс берушінің атауы) Заңда белгіленген мерзімде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН, атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасассын.
    Не:
    №___ лот бойынша мемлекеттік сатып алу (сатып алудың атауы): _____________________ *байланысты өткізілмеді деп танылсын.
    Ескертпе:
    *Мынадай мәндердің бірі: «берілген өтінімдердің болмауы», «конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді», «конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілді».
    Не:
    Сатып алудың күшін жою жүргізілген, оған мыналар негіз болып табылады: Уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері _________№ _______ (нұсқама, хабарлама, ұсыныс, шешім).
    Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_____________________).
    Не:
    Заңның 6-бабы 10-тармағының _______ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды.
    Ескертпе:
    * Егер тапсырыс беруші бірнеше болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
    ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
    Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.