«Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 тамыз 2025 ж.

    «Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36331 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттерді беру жөніндегі рәсімдер, оның ішінде оларды беру кезінде қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ бюджеттік кредит беру тәсілдері, бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесі, бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және қарыз алушыны ауыстыру рәсімдері, талап қоюдың ескіру шарттары, бюджеттік кредит бойынша борышты аудару шарттары, кредиторлардың талаптарын тоқтату және бюджеттік кредиттер бойынша кепілдікті тоқтату, бюджеттік кредиттер бойынша бақылау рәсімдерінде:

    15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын растайтын құжаттарды толық ұсынбаған, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері дұрыс болмаған кезде уәкілетті орган дәлелді бас тартады, ол бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жіберіледі.»;

    19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Бюджеттік кредитті алу үшін түпкілікті қарыз алушы сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттық жүйесі арқылы электрондық өтінім қалыптастырады.»;

    20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «20. Сенім білдірілген өкілде (агентте)/қарыз алушыда ақпараттық жүйе болмаған жағдайда бюджеттік кредитті алу үшін түпкілікті қарыз алушы сенім білдірілген өкілге (агентке) өтінімді қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.»;

    70-тармақтың екінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу қағидаларында:

    6-тармақ алынып тасталсын;

    көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша лар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 22 тамыздағы

    № 458

    бұйрығына 1-қосымша

    Қаржы агенттіктерін міндеттемелердің

    орындалуын қамтамасыз етусіз

    республикалық бюджеттен бюджеттік

    кредиттер алатын қаржы

    агенттіктерінің тізбесіне

    енгізу қағидаларына

    1-қосымша

    Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын банктер мен ұйымдар үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпестен республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары

    р/с №
    Ата­уы
    Есеп
    Ұсы­ны­ла­тын мән­дер
    Тү­сі­нік­те­ме­лер
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    Мен­шік­ті қа­ра­жат­ты пай­да­ла­ну ко­эф­фи­цен­ті
    МК/НП
    > 0,1
    Мен­шік­ті қа­ра­жат­ты пай­да­ла­ну ко­эф­фи­ци­ен­ті мен­шік­ті ка­пи­тал­дың жұ­мыс опе­ра­ци­я­ла­рын­да қан­ша­лық­ты пай­да­ла­ны­ла­тынды­ғын көр­се­тіп отыр.
    2
    Мен­шік­ті қа­ра­жат көз­де­рі­нің ар­тығы (же­тіс­пе­уі)
    МК/ША
    > 1
    Мен­шік­ті қа­ра­жат көз­де­рі­нің ар­тығы (же­тіс­пе­уі). Көр­сет­кіш­тің сер­пін­де­гі өсуі қар­жы­лық жағ­дай­ы­ның жақ­са­ру жа­ғы­на банк­тің ны­са­на­лы ба­ғыт­тал­ған қыз­ме­ті ту­ра­лы ку­әлан­ды­ра­ды.
    3
    Ка­пи­тал­да­ғы пай­да үле­сі­нің ко­эф­фи­цен­ті
    (МК-ЖК)/МК
    > 0,1
    Ка­пи­тал­да­ғы пай­да үле­сі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті банк ка­пи­та­лы­ның қан­дай бө­лі­гі пай­да есе­бі­нен қа­лып­тас­қа­нын көр­се­те­ді.
    4
    Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі (ROE)
    Пд/МК
    > 0,1
    Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі (RОЕ) мен­шік­ті ка­пи­тал­ды пай­да­ла­ну ти­ім­ді­лі­гін көр­се­те­ді
    Ескертпе:
    Негізгі қысқартулар:
    МК – меншікті капитал
    НП – несие портфелі
    ША – шашыратылған активтер
    ЖК – жарғылық капитал
    Пд – пайда

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 22 тамыздағы

    № 458

    бұйрығына 2-қосымша

    Қаржы агенттіктерін

    міндеттемелердің орындалуын

    қамтамасыз етусіз республикалық

    бюджеттен бюджеттік кредиттер

    алатын қаржы агенттіктерінің

    тізбесіне енгізу қағидаларына

    2-қосымша

    Өзге де қаржы агенттіктері үшін қаржы агенттіктерін міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алатын қаржы агенттіктерінің тізбесіне енгізу өлшемшарттары

    р/с №
    Ата­уы
    Есеп ай­ы­ры­су
    Ұсы­ны ла­тын мән­дер
    Тү­сі­нік­те­ме­лер
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    Қар­жы­лық тәу­ел­сіз­дік ко­эф­фи­ци­ен­ті*
    МК/ЖА
    0,3-0,8
    Қар­жы­лық тәу­ел­сіз­дік ко­эф­фи­ци­ен­ті қар­жы агент­тікте­рі­нің қары­здар­дан тәу­ел­ді­лі­гін си­паттай­ды. Мен­шік­ті ка­пи­тал мөл­ше­рін жиын­тық ак­тив­ке бө­лу­ден алын­ған бө­лін­ді ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді. Ко­эф­фи­ци­ент мәні­нің тө­мен­де­уі қар­жы агент­ті­гі­нің қарыз жүк­те­ме­сі­нің өсу­ін көр­се­те­ді, ол тө­лем­ге қа­бі­лет­сіз­дік тәу­е­ке­лін арт­ты­ра­ды.
    2
    Пай­ы­здар­ды жа­бу ко­эф­фи­ци­ен­ті
    Са­лық са­лу­ға дей­ін­гі та­быс және кре­дит­тер бой­ын­ша сый­а­қы­лар/ есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сы
    > 1
    Пай­ы­здар­ды жа­бу ко­эф­фи­ци­ен­ті кре­ди­тор­лар­дың ұсы­ны­л­ған кре­дит үшін пай­ы­здар­ды тө­ле­ме­уден қор­ға­лу дә­ре­же­сін си­паттай­ды. Осы көр­сет­кіш пай­ы­здар­ды тө­леу үшін пай­да­ла­ны­ла­тын рұқ­сат еті­ле­тін пай­да­ны тө­мен­де­ту дең­гей­ін анық­тай­ды. Са­лық­тар­ды ұста­ған­ға дей­ін­гі кі­рі­сті және кре­дит­тер бой­ын­ша сый­а­қы­ны кре­дит­тер бой­ын­ша есеп­тел­ген сый­а­қы со­ма­сы­на бө­лу жо­лы­мен есеп­те­ле­ді.
    3
    Ағым­да­ғы өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті*
    АҚ/ҚМ
    1-2
    Ағым­да­ғы өтім­ді­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті ай­на­лым қа­ра­жа­тын қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер­ге бө­лу­ден алын­ған бө­лін­ді ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді және қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер­ді орын­дау үшін пай­да­ла­ны­ла­тын қар­жы агент­ті­гі­нің ай­на­лым қа­ра­жа­ты­ның жет­кі­лік­ті екен­ді­гін көр­се­те­ді.
    4
    Та­за ай­на­лым ка­пи­та­лы
    АА-ҚМ
    > 0
    Та­за ай­на­лым ка­пи­та­лы ай­на­лым ак­тив­те­рі мен қы­сқа мер­зім­ді мін­дет­те­ме­лер ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма ре­т­ін­де есеп­те­ле­ді.
    Ескертпе:
    * даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және басқаруды оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту үшін құрылған ұлттық басқарушы холдингтері үшін, сондай-ақ агроөнеркәсiп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдары үшін маусымдылыққа байланысты қаржылық тәуелсіздік коэффиценті мен ағымдағы өтімділік коэффицентінің ұсынылған мәнінен асуына жол беріледі.
    Негізгі қысқартулар:
    МК – меншікті капитал
    ЖА – жиынтық актив
    АҚ – айналым қаражаты
    ҚМ – қысқа мерзімді міндеттемелер
    АА – айналым активтері

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.