2025 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 тамыз 2025 ж.

    2025 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған 2025 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.

    2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

    2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы «____» _________ № ____

    қаулысымен бекітілген

    2025 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі

    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық өні­мі­нің ата­уы
    Те­рең­де­те өң­дел­ген өнім­нің ата­уы
    Ши­кі­за­тқа қай­та есеп­тел­ген суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, (тең­ге/ки­ло­грамм)
    Ши­кі сүт
    Қат­ты ірім­шік
    67

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.