«Хоум Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2025 ж.

    «Хоум Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Хоум Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

    1) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы су құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0057 га;

    2) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы жылу жолын төсеу мақсатында көлемі 0,0100 га;

    3) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы кәріз құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0153 га;

    4) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы газ құбырын төсеу мақсатында көлемі 0,0226 га;

    5) Рудный қаласы, 19 шағынаудан, 10, 11 учаскелер мекенжайы бойындағы кабель желісін төсеу мақсатында көлемі 0,1146 га;

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    В. Ионенко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.