Саяқ кентінің көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 19 шілдедегі қорытындысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін есекере отытып Саяқ кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Саяқ кентінің келесі көшелері қайта аталсын:
1) Геологическая көшесін – «Берекелі» көшесіне;
2) Западная көшесін – «Күнгей» көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саяқ кенті әкімі
Кудайберлин Н.Б.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.