«Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 тамыз 2025 ж.

    «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 88-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Әлназарова

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау

    министрінің

    2025 жылғы «__» __________

    № ____

    бұйрығына қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау

    министрінің

    2020 жылғы 23 қыркүйегі

    № ҚР ДСМ-109/2020

    бұйрығына қосымша

    Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі

    Cо­зыл­ма­лы ау­ру­лар­дың тіз­бе­сі
    Ау­ру­лар мен ден­са­улық­қа бай­ла­ны­сты про­бле­ма­лар­дың ха­лы­қа­ра­лық ста­ти­сти­ка­лық жік­те­ме­сі (10 қай­та қа­рау) бой­ын­ша код­тар
    1. Ин­фек­ци­я­лық және па­ра­зи­тар­лық ау­ру­лар
    1.
    В және С және Д ви­ру­сты со­зыл­ма­лы ге­па­тит, ба­уыр­дың цир­ро­зын­сыз
    B18, В18.0, B18.1. B18.2, B18.8 қо­са ал­ған­да
    2. Қа­най­на­лым жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры
    2.
    Ар­те­ри­я­лық ги­пер­тен­зия:
    2.1. Эс­сен­ци­ал­ды (ба­стап­қы) ги­пер­тен­зия
    I10
    2.2. Жү­рек­тің ги­пер­тен­зи­я­лық ау­руы (жү­рек­ті ба­сы­мы­рақ за­қым­дай­тын ги­пер­то­ни­я­лық ау­ру)
    I11
    2.3. Бүй­рек­тер­ді ба­сы­мы­рақ за­қым­дай­тын ги­пер­тен­зи­я­лық (ги­пер­то­ни­я­лық) ау­ру
    I12
    2.4. Жү­рек пен бүй­рек­ті ба­сы­мы­рақ за­қым­дай­тын ги­пер­тен­зи­я­лық (ги­пер­то­ни­я­лық) ау­ру
    I13
    2.5. Екін­ші ги­пер­тен­зия
    I15
    3.
    Жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы:
    3.1. Жү­рек­тің тұ­рақ­сыз қы­спа­сы
    I20.0
    3.2. Жү­рек қы­спа­сы­ның бас­қа түр­ле­рі
    I20.8
    3.3. Жү­рек­тің со­зыл­ма­лы ише­ми­я­лық ау­руы
    I25
    3.4. Жү­рек функ­ци­я­сы­ның жет­кі­лік­сіз­ді­гі
    I 50
    3.5. Ме­ха­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­ны им­план­та­ци­я­ла­удан кей­ін­гі жағ­дай
    Z 95.8
    4.
    Бра­хио­це­фал­дық ар­те­ри­я­ның экс­тра­кра­ни­ял­дық ау­ру­ла­ры:
    4.1. Це­ре­б­ро­вас­ку­ляр­лық ау­ру­лар
    I65-I69
    4.2. Ми ин­фар­гін ту­дыр­май­тын пре­це­ре­брал­дық ар­те­ри­я­ның бі­те­луі мен та­ры­луы
    I65
    4.3. Ми ин­фар­гіне əкел­мей­тін ми ар­те­ри­я­ла­ры­ның бі­те­луі мен та­ры­луы
    I66
    4.4. Ми-та­мыр­лық бас­қа ау­ру­лар
    I67
    4.5. Бас­қа ай­дар­лар­да жік­тел­ген ау­ру­лар ба­ры­сын­да ми та­мыр­лы­ры­ның за­қым­да­ну­ла­ры
    I68
    4.6. Ми-та­мыр­лық ау­ру­лар­дың сал­дар­ла­ры
    I69
    4.7. Қол ар­те­ри­я­ла­ры­ның эм­бо­ли­я­сы мен тром­бо­зы
    I74.2
    4.8. Бас­қа ай­дар­лар­да жік­тел­ген ау­ру­лар ба­ры­сын­да­ғы қол­қа­ның қа­бы­нуы
    I79.1
    4.9. Ми­дың тор­лы қа­бығ­ы­ның асты­на қан құй­ы­лу
    I 60
    4.10. Ми­дың ішіне қан құй­ы­лу
    I 61
    4.11. Бас сүй­ек ішіне жа­ра­қат­тық емес бас­қа қан құй­ы­лу
    I 62
    4.12. Ише­ми­я­лық ин­сульт
    I 63
    4.13. Қан құй­ы­лу неме­се ин­фаркт ре­т­ін­де анық­тал­ма­ған ми­ға қан құй­ы­лу
    I 64
    5.
    Жү­рек қақ­пақ­ша­сы­ның за­қым­да­нуы
    Жү­рек қақ­пақ­ша­сы­ның рев­ма­ти­ка­лық за­қым­да­луы:
    I05-I09
    5.1. Қос жар­ма­лы қақ­пақ­ша­ның рев­ма­ти­ка­лық ау­ру­ла­ры
    I05
    5.2. Қол­қа қақ­пақ­ша­сы­ның рев­ма­ти­ка­лық ау­ру­ла­ры
    I06
    5.3. Үш жар­ма­лы қақ­пақ­ша­ның рев­ма­ти­ка­лық ау­ру­ла­ры
    I07
    5.4. Бір­не­ше қақ­пақ­ша­лар­дың за­қым­да­луы
    I08
    5.5. Жү­рек­тің рев­ма­ти­ка­лық бас­қа ау­ру­ла­ры
    I09
    Жү­рек қақ­пақ­ша­ла­ры­ның рев­ма­ти­ка­лық емес за­қым­да­ну­ла­ры:
    I34-I39
    5.6. Қос жар­ма­лы қақ­пақ­ша­ның рев­ма­ти­ка­лық емес за­қым­да­ну­ла­ры
    I34
    5.7. Қол­қа қақ­пақ­ша­сы­ның рев­ма­ти­ка­лық емес за­қым­да­ну­ла­ры
    I35
    5.8. Үш жар­ма­лы қақ­пақ­ша­ның рев­ма­ти­ка­лық емес за­қым­да­ну­ла­ры
    I36
    5.9. Өк­пе ар­те­ри­я­сы қақ­пақ­ша­сы­ның за­қым­да­ну­ла­ры
    I37
    5.10. Эн­до­кар­дит, қақ­пақ­ша анық­тал­ма­ған
    I38
    5.11. Бас­қа ай­дар­лар­да жік­тел­ген ау­ру­лар ба­ры­сын­да­ғы эн­до­кар­дит пен қақ­пақ­ша­лар­дың за­қым­да­ну­ла­ры
    I39
    6.
    6.1. Арит­мия
    I47
    6.2. Жү­рек­ше­лер­дің фиб­рил­ля­ци­я­сы мен лу­піл­де­уі
    I48
    3. Қан және қан шы­ға­ру­шы ағ­за­лар­дың ау­ру­ла­ры
    7.
    7.1. VIII фак­тор­дың тұқым қу­а­лай­тын тап­шы­лы­ғы
    D66
    7.2. IX фак­тор­дың тұқым қу­а­лай­тын тап­шы­лы­ғы
    D67
    7.3. Вил­ле­бранд ау­руы
    D68.0
    7.4. Ұюдың бас­қа фак­тор­ла­ры­ның тұқым қу­а­лай­тын тап­шы­лы­ғы
    D68.2
    4. Ты­ныс алу жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры
    8.
    Тө­мен­гі ты­ныс алу жол­да­ры­ның со­зыл­ма­лы ау­руы:
    8.1. Өк­пе­нің со­зыл­ма­лы бас­қа об­струк­ци­я­лық ау­руы
    J44
    8.2. Де­мі­к­пе
    J45
    5. Ас қо­ры­ту жүй­е­сі­нің ау­руы
    9.
    Жо­ғар­ғы ас­қа­зан-ішек жол­да­ры­ның ау­руы:
    9.1. Эзо­фа­гит қа­бат­тас­қан ас­қа­зан-өңеш ре­флюк­сі
    K21.0
    Ас­қа­зан­ның және он екі елі ішек ой­ық жа­ра­сы 9.2. Ас­қа­зан­ның ой­ық жа­ра­сы 9.3. Он екі елі ішек­тің ой­ық жа­ра­сы 9.4. Ор­на­ла­суы анық­тал­ма­ған пеп­ти­ка­лық ой­ық жа­ра
    K25-К27
    К25 К26 К27
    9.5. Атро­фи­я­лық со­зыл­ма­лы га­стрит
    K29.4
    9.6. Ас­қа­зан (по­ли­по­зы) по­ли­пы
    K31.7
    10.
    Ин­фек­ци­я­лық емес эн­те­рит және ко­лит:
    10.1. Крон ау­руы (ай­мақ­тық эн­те­рит)
    К50
    10.2. Ой­ық жа­ра­лы ко­лит
    К51
    10.3. Ин­фек­ци­я­лық емес га­стро­эн­те­рит­тер мен ко­лит­тер
    K52
    11.
    Ба­уыр ци­ро­зы 11.1. Ба­уыр­дың уыт­тық за­қым­да­нуы 11.2. Ба­уыр қыз­ме­ті­нің бас­қа ай­дар­лар­да жік­тел­ме­ген жет­кі­лік­сіз­ді­гі 11.3. Бас­қа ай­дар­лар­да жік­тел­ме­ген со­зыл­ма­лы ге­па­тит 11.4. Ба­уыр фиб­ро­зы мен цир­ро­зы 11.5. Ба­уыр­дың бас­қа қа­бын­ба ау­ру­ла­ры 11.6. Ба­уыр­дың бас­қа ау­ру­ла­ры
    К70-К76
    К71
    К72
    К73
    К74
    К75
    К76
    6. Сүй­ек-бұл­шық ет жүй­е­сі мен дәне­кер тін­нің ау­руы
    12.
    Арт­ро­па­ти­я­лар, дор­со­па­ти­я­лар:
    12.1. Рев­ма­то­ид­ты арт­рит
    М 05-М 06
    12.2. Бас­қа псо­ри­аз­дық арт­ро­па­ти­я­лар
    М 07.3
    12.3. Жа­сө­спі­рім­дер­дің (юве­нил­дік) арт­ри­ті
    М08
    12.4. Па­лин­дром­ды рев­ма­тизм
    М12.3
    12.5. Ан­ки­лоз­да­у­шы спон­ди­лит
    М45
    13.
    Дәне­кер ті­ні­нің жүй­е­лі түр­де за­қым­да­нуы:
    13.1. Түй­ін­ді по­ли­ар­те­рит пен сол тек­тес жағ­дай­лар
    М30
    13.2. Бас­қа өлі ет­тен­ді­ру­ші вас­ку­ло­па­ти­я­лар
    М 31
    13.3. Жүй­е­лі қы­зыл же­гі
    М32-М32.9
    13.4. Дер­ма­то­по­ли­мио­зит
    M33-М33.9
    13.5. Жүй­е­лі бе­ріш­те­ну (жүй­е­лі скле­ро­дер­мия)
    М34-М34.9
    13.6. Дəнекер тін­нің бас­қа жүй­е­лі за­қым­да­нуы
    М35
    13.7. Рев­ма­ти­ка­лық по­ли­ми­ал­гия
    M35.3
    13.8. Дәне­кер ті­ні­нің бас­қа ай­дар­лар­да жік­тел­ген ау­ру­лар ба­ры­сын­да­ғы жүй­е­лі за­қым­да­ну­ла­ры
    М36
    7. Эн­до­крин­дік жүй­е­нің ау­руы, та­мақ­та­ну бұ­зы­лы­ста­ры және зат ал­ма­су бұ­зы­лу­ла­ры
    14.
    14.1. Ере­сек және ба­ла­лар­да­ғы қант­ты диа­бе­ті­нің І-тү­рі
    Е 10
    14.2. Ин­су­линт­әу­ел­сіз қант­ты диа­бет
    Е11 - Е11.9
    14.3. Та­мақ­та­ну жет­кі­лік­сіз­ді­гі­мен бай­ла­ны­сты қант­ты диа­бет
    Е12
    14.4. Қант­ты диа­бет­тің бас­қа анық­тал­ған ны­сан­да­ры
    Е13
    14.5. Анық­тал­ма­ған қант­ты диа­бет
    Е14
    15.
    Қал­қан­ша бе­зі ау­ру­ла­ры:
    15.1. Ги­по­ти­реоз
    Е02
    15.2. Ти­рео­ток­си­коз
    Е05 - Е05.9
    8. Нерв жүй­е­сі­нің ау­руы
    16.
    Нерв жүй­е­сі­нің бас­қа де­ге­не­ра­ци­я­лық ау­ру­ла­ры
    G30-G32
    17.
    Ор­та­лық нерв жүй­е­сі­нің ми­е­лин­сіз­ден­ді­ру­ші ау­ру­ла­ры
    G35-G37
    18.
    Эпи­леп­сия
    G 40
    19.
    Ба­ла­лар­дың це­ре­брал­дық па­ра­ли­чі
    G 80
    9. Несеп-жы­ныс жол­да­ры­ның ау­ру­ла­ры
    20.
    Гло­ме­ру­ляр­лық ау­ру­лар:
    20. 1. Бүй­рек­тің со­зыл­ма­лы қа­бы­ну син­дро­мы
    N03
    20.2. Неф­роз­дық син­дром
    N04
    20.3. Бүй­рек қыз­ме­ті­нің со­зыл­ма­лы жет­кі­лік­сіз­ді­гі
    N18
    20.4. Бүй­рек за­қым­да­нуы­ның соң­ғы са­ты­сы
    N18.0
    20.5. Бүй­рек қыз­ме­ті­нің со­зыл­ма­лы жет­кі­лік­сіз­ді­гі­нің бас­қа кө­рі­ні­сте­рі
    N18.8
    21.
    Бүй­рек­тің со­зыл­ма­лы тү­тік-ин­тер­сти­ци­ал­дық қа­бы­нуы
    N11
    22.
    Қуық асты бе­зі­нің ги­пер­пла­зи­я­сы
    N40
    23.
    Сүт бе­зі­нің қа­тер­сіз дис­пла­зи­я­сы
    N60
    24.
    Əйел­дер жы­ныс ағ­за­ла­ры­ның қа­бын­ба емес ау­ру­ла­ры:
    24.1. Эн­до­мет­ри­оз
    N80
    24.2. Əйел­дер жы­ныс ағ­за­ла­ры­ның түй­ме­ші­гі
    N84
    24.3. Жа­тыр де­не­сі­нің сі­ле­мей­лі қа­бығ­ы­ның без тін­ді ги­пер­пла­зи­я­сы
    N85.0
    24.4. Жа­тыр де­не­сі­нің сі­ле­мей­лі қа­бығ­ы­ның без тін­ді ги­пер­пла­зи­я­сы
    N85.1
    24.5. Жа­тыр мой­ны­ның жа­лақ жа­ра­сы мен эк­тро­пи­о­ны
    N86
    24.6. Жа­тыр мой­ны сі­ле­мей­лі қа­бық­та­рын­да­ғы ақ­шыл дақ­тар
    N88.0
    24.7 Ана­без­дің қа­тер­сіз өспе­сі
    D27
    10. Пе­ри­на­тал­дық ке­зең­де пай­да бо­ла­тын же­ке жағ­дай­лар:
    25.
    Бронх-өк­пе­нің пе­ри­на­тал­дық ке­зең­де пай­да болған дис­пла­зи­я­сы
    Р27.1
    11. Туа біт­кен ауыт­қу­лар (да­му ке­мі­стікте­рі), де­фор­ма­ци­я­лар мен хро­мо­со­ма­лық бұ­зы­лу­лар (ба­ла­лар)
    26.
    Опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі туа біт­кен жү­рек ақа­у­ла­ры:
    26.1. Жү­рек ка­ме­ра­ла­ры мен қо­сы­лы­ста­ры­ның туа біт­кен ауыт­қу­ла­ры (да­му ке­мі­стікте­рі)
    Q20
    26.2. Жү­рек қал­қа­сы­ның туа біт­кен ауыт­қу­ла­ры (да­му ке­мі­стікте­рі)
    Q21
    26.3. Өк­пе жəне үш жар­ма­лы қақ­пақ­ша­лар­дың туа біт­кен ауыт­қу­ла­ры (да­му ке­мі­стікте­рі)
    Q22
    26.4. Қол­қа жəне қос жар­ма­лы қақ­пақ­ша­лар­дың туа біт­кен ауыт­қу­ла­ры (да­му ке­мі­стікте­рі)
    Q23
    26.5. Жү­рек­тің туа біт­кен ауыт­қу­ла­ры (да­му ке­мі­стікте­рі)
    Q24
    26.6. Ірі ар­те­ри­я­лар­дың туа біт­кен ауыт­қу­ла­ры (да­му ке­мі­стікте­рі)
    Q25
    27.
    Өңе­ш­тің ту­а­біт­кен ақа­у­ла­ры:
    27.1. Өңе­ш­тің туа біт­кен ауыт­қу­ла­ры
    Q39
    27.2. Ано­рек­таль­дың ту­а­біт­кен ақа­у­ла­ры
    Q42
    27.3. Ту­а­біт­кен диа­фраг­ма­лық жа­рық
    Q79

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.