«Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2025 ж.

    «Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Маңғыстау облысының әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4597-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «05» тамыздағы

    № 165 қаулысына қосымша

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 24 тамыздағы

    № 130 қаулысына 1-қосымша

    Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

    Су объектісінің атауы
    Орналасқан жері
    Су қорғау
    аймағының ауданы (гектар)
    Су қорғау
    белдеуінің ауданы (гектар)
    Су қорғау
    аймағының ені (метр)
    Су қорғау
    белдеуінің ені (метр)
    1
    Каспий теңізі
    Қарақия ауданы
    9 245,8170
    722,4936
    500
    35-100
    2
    Каспий теңізі
    Мұнайлы ауданы
    1 044,9783
    80,6834
    500
    35-50
    3
    Каспий теңізі
    Ақтау қаласы
    1 871,5906
    183,8842
    500
    35
    4
    Каспий теңізі
    Түпқараған ауданы
    35 556,2746
    884,1745
    500-2000
    35-100
    5
    Каспий теңізі
    Форт-Шевченко қаласы
    2 953,9113
    184,3865
    500
    35
    6
    Каспий теңізі
    Маңғыстау ауданы
    89 141,8919
    3 805,6937
    2000
    35-75
    7
    Каспий теңізі
    Бейнеу ауданы
    38 317,3820
    1 180,4800
    2000
    35-100
    Ескерту:
    су қорғау аймақтары және су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.