Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған турістік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде мөлшемесі бекітілсін.
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 20 наурыздағы № 119/16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7514-14 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы:
Ж. Ташенев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.