«Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ереже «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің (бұдан әрі – Қызметтер) негізгі міндеттері мен өкілеттерін белгілейді.
3-параграфтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) табиғи және техногендік төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарының, орталық және жергілікті атқарушы органдарының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;»;
7-параграфтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарының, орталық және жергілікті атқарушы органдарының басқару органдарымен, азаматтық қорғау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;».
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.