Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 шілде 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22892 болып тіркелген);

    2) «Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 298 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32749 болып тіркелген).

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.