«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 тамыз 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 44-4), 84-4), 84-5), 84-6), 84-7) және 84-8) тармақшалармен толықтырылсын:

    «44-4) ұсынылатын (ұзартылатын) салықтық жеңілдікті келісу;»;

    «84-4) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;

    84-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

    84-6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

    84-7) әзірленген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде өзіне ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз ету;

    84-8) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;».

    2. Осы Жарлықтың 1-тармағының 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.