«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 тамыз 2025 ж.

    «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларында:

    23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) ЖСН, БСН-дағы бос орындарды жою.»

    24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Дерекқорда мынадай ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтер түзетуге жатады:

    1) ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі;

    2) түрі;

    3) ауыл шаруашылығы жануарының піштірілгені туралы мәліметтер.»;

    33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «33. Ветеринария саласындағы жауапты маман құжаттар тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:

    1) дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын иеленуші туралы, өзектендіруге (түзетуге) мәлімделген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы қолда бар мәліметтерді тексереді және олардың ұсынылған құжаттарға сәйкестігін айқындайды;

    2) дерекқордағы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды зерделейді;

    3) осы Қағидалардың 24-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді түзету бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік ведомствосының аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыруды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді барып салыстыру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) актісі жасалады.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірмені рәсімдейді.

    Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүргізу туралы үзінді-көшірме дерекқорда электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі не дерекқордан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште беріледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде ветеринария саласындағы жауапты маман осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы не осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады, порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не қолма-қол беріледі.»;

    35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «35. Дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) бойынша факті сот тәртібімен анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші сот шешімі негізінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады.

    Сот шешімі негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіруге (түзетуге) арналған дерекқор функционалына қолжетімділікті Ақпараттандыру туралы Заңға сәйкес государственный орган ұсынады.»;

    көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы

    А. Султанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 15 тамыздағы

    № 246

    бұйрығына қосымша

    Ауыл шаруашылығы

    жануарларын бірдейлендіру

    жөніндегі деректер базасын

    қалыптастыру, жүргізу және

    одан үзінді көшірмелер беру

    қағидаларына

    3-қосымша

    «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры құр­ған мем­ле­кет­тік ве­те­ри­на­ри­я­лық ұй­ым­дар (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші;
    2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Құ­жат­тар тір­кел­ген күн­нен ба­стап 10 (он) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де.
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) жүр­гі­зу ту­ра­лы үзін­ді-кө­шір­ме бе­ре оты­рып, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру де­рекқо­рын­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
    2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру одан кей­ін­гі жа­қын жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2010 жы­л­ғы 2 мау­сым­да­ғы № 367 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 6321 тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру жө­нін­де­гі де­ректер ба­за­сын қа­лып­та­сты­ру, жүр­гі­зу және одан үзін­ді-кө­шір­ме­лер бе­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 22-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген бір­дей­лен­ді­рі­л­ген ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру үшін:
    1) Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру­ді (тү­зе­ту­ді) жүр­гізу­ге ар­нал­ған өті­ніш;
    2) де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын ие­ле­ну­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, сон­дай-ақ сәй­кестен­ді­рі­л­ген ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
    3) ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­на мен­шік құқы­ғын неме­се өзге де заттық құқық­ты рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, олар­ға мы­на­лар жа­та­ды: аза­мат­тық заң­на­ма та­лап­та­ры­на сәй­кес жа­сал­ған шар­ттар, мәмі­ле­лер, тап­сы­ру ак­ті­ле­рі, бө­лу ба­лан­ста­ры, мү­лік­ке мұ­ра­гер­лік құқы­ғы ту­ра­лы құ­жат­тар, сот ше­ші­мі­нің, қа­улы­сы­ның, сот орын­да­у­шы­сы­ның әре­кет­те­рі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­сы­ның кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­л­ген ат­қа­ру па­ра­ғы орын­дау.
    Қа­ғи­да­лар­дың 23-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер ба­за­сын­да тү­зе­ту үшін:
    1) Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру­ді (тү­зе­ту­ді) жүр­гізу­ге ар­нал­ған өті­ніш;
    2) ве­те­ри­на­ри­я­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі.
    Де­рекқор­да Қа­ғи­да­лар­дың 24-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер­ді тү­зе­ту үшін:
    Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша де­рекқор­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру­ді (тү­зе­ту­ді) жүр­гізу­ге өті­ніш.
    Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алы­нуы мүм­кін құ­жат­тар­ды та­лап ету­ге жол бе­ріл­мей­ді.
    Де­рекқор­да мә­лі­мет­тер­ді өзек­тен­ді­ру (тү­зе­ту) қа­жет­ті­лі­гі сот тәр­ті­бі­мен анық­тал­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мә­лі­мет­тер­ді сот ше­ші­мі негі­зін­де өзек­тен­ді­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­ды.
    9.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің орын­да­лу са­ты­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ора­на­ла­сты­ры­л­ған. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.