«B2Gold Kazakhstan Ltd» жеке компаниясына қауымдық сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 тамыз 2025 ж.

    «B2Gold Kazakhstan Ltd» жеке компаниясына қауымдық сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «B2Gold Kazakhstan Ltd» жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы – 7564,4811 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

    2. Жер пайдаланушы- «B2Gold Kazakhstan Ltd» жеке компаниясы (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

    3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

    4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

    5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қарқаралы ауданының әкімі

    Ә.Арғынов

    Қарқаралы ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «06» тамыз

    №276 қаулысына

    қосымша

    «B2Gold Kazakhstan Ltd» жеке компаниясына қоғамдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Жер учаскесінің орналасқан жері
    Кадастрлық нөмірі
    Жалпы алаңы, га
    Қоғамдық сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің алаңы (лицензия шекарасында), га
    1
    Омарбеков С.А. (шаруа қожалығын жүргізу)
    09-133-066-024
    252,0000
    252,0000
    2
    Рамазанов С. (шаруа қожалығын жүргізу)
    09-133-050-141
    999,3342
    1,9326
    3
    «Қарағанды аймақтық энергетикалық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Егіндібұлақ-Комсомол ВЛ35лв нысанына қызмет көрсету)
    09-133-044-487
    0,0286
    0,0325
    4
    «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі («Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті» км-0-153 аралығындағы автомобиль жолына қызмет көрсету)
    09-133-064-104
    5,9303
    5,9251
    5
    «Алтай полиметаллы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (автомобиль жолы бойында қардан қорғайтын жолақтарды орналастыру үшін)
    09-133-066-058
    0,4958
    0,4954
    6
    «Қарқаралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Егіндібұлақ-Теректі автомобиль жолына қызмет көрсету үшін)
    09-133-066-063
    1,3537
    0,7734
    7
    «Алтай полиметаллы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (автомобиль жолы бойында қардан қорғайтын жолақтарды орналастыру үшін)
    09-133-064-149
    1,8200
    1,8184
    8
    Шакаманов Т.З. (шаруа қожалығын жүргізу)
    09-133-062-050
    616,0000
    8,5306
    9
    Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қу шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (180-191, 193, 204 кварталдар нысанына қызмет көрсету)
    09-133-047-044
    1620,3508
    0,0558
    10
    Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қу шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (194-201 кварталдар нысанына қызмет көрсету)
    09-133-047-043
    521,0000
    21,7590
    11
    «Алтай полиметаллы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (автомобиль жолы бойында қардан қорғайтын жолақтарды орналастыру үшін)
    09-133-064-153
    0,0958
    0,0957
    12
    «Қарқаралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Егіндібұлақ-Теректі автомобиль жолына қызмет көрсету үшін)
    09-133-064-168
    16,8212
    2,2507
    13
    «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлкеттік мекемесі (Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті км 0-153 аралығындағы автомобиль жолына қызмет көрсету)
    09-133-066-039
    21,0755
    4,3157
    14
    Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі («Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті» км 0-153 аралығындағы автомобиль жолына қызмет көрсету)
    09-133-050-098
    101,6618
    1,5144
    15
    Қайыркелдин М.К. (шаруа қожалығын жүргізу)
    09-133-050-139
    1250,0000
    310,0763
    16
    Қаракөл ауылдық округі
    09-133-066-
    2657,8652
    17
    Атантай ауылы
    09-133-049-
    0,01
    18
    Қарабұлақ ауылының босалқы жерлері
    140,1646
    19
    Қоянды ауылдық округі
    09-133-050-
    3264,2022
    20
    Нұрмақ ауылдық округі
    09-133-064-
    1277,6988
    21
    Қаракөл ауылының №1 учаскесі
    09-133-065-
    351,27
    Барлығы
    7559,5813

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.