«Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 7/71 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №7/71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4626-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы
А.Бораш
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.