Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/195 «2025- 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/195 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы
Ж. Қалаубай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.