«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 тамыз 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «23) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің есеп-қисаптарын әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;

    мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «25-1) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;»;

    42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «42) арнайы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және арнайы комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 107-3) тармақшамен толықтырылсын:

    «107-3) мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;»;

    178) тармақша алып тасталсын;

    266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    266) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлілігі жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері мен ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау, сақтау мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.