Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 тамыз 2025 ж.

    Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2 - тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 30 шілдедегі №08-02-07/450 санды хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Түркістан қаласы, Ә. Ахметов көшесі №88 мекен-жайында «құтыру» ауруының ошақ нәтижесі жойылғанына байланысты, 2025 жылғы 28 мамырда Түркістан қаласы, Ә. Ахметов көшесіне енгізілген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қозыханұлына жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Ә. Пазылбекұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.