Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі Барқытбел ауылының көшелерін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 тамыз 2025 ж.

    Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі Барқытбел ауылының көшелерін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Барқытбел ауылдық округі Барқытбел ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 4 шілдедегі Абай облысының ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Барқытбел ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі Барқытбел ауылындағы көшелерінің атауы:

    Советская көшесі Достық көшесіне;

    Краснопартизанская көшесі Шамшырақ көшесіне;

    Мира көшесі Шырайлы көшесіне қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Барқытбел ауылдық округінің әкімі

    А. Ш. Толыкбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.