Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 тамыз 2025 ж.

    Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидалары бекітілсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласы мәслихатының төрағасы

    М. Отыншиев

    Алматы қаласы мәслихатының

    2025 жылғы 7 тамыздағы № 232

    шешімімен бекітілген

    Алматы қаласында ортақ су пайдалану қағидалары

    1. Осы Алматы қаласында ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының аумағындағы жалпыға ортақ су обьектілерінде жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.

    2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

    3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

    4. Ортақ су пайдалану шеңберінде су обьектілерін пайдалану су обьектілерінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

    5. Алматы қаласының әкімдігі жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын іске асыру мақсатында:

    1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

    2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

    3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

    4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

    6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

    7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

    8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

    9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

    10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

    1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

    2) су объектілерін ластау және кірлету;

    3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

    4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

    5) осы қағиданың қосымшасында көрсетілген орындарда шомылу;

    6) құрылыс-монтаждау жұмыстары (қайта жаңғырту, жөндеу, абаттандыру) жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жерлерде шомылу;

    7) сел ұстау құрылыстарының, шлюздердің, өзен арналарының габионмен бекітілген немесе тұрақтандырылған учаскелерінің, ағынды сулардың құйылу орындарының және өзге де ластау көздерінің маңында, кемінде 500 метр қашықтықта шомылу;

    8) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

    9) жанармай және майлау материалдарын сақтау;

    10) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

    11) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

    11. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы, сондай-ақ Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары су обьектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайы туралы халықты ақпараттандыруды жүзеге асырады.

    12. Ортақ су пайдаланудың қауіпсіздігі мен ұтымдылығын қамтамасыз ету, тыйым салу белгілерінің орнатылуын бақылау және халықты шомылуға тыйым салынған орындар туралы ақпараттандыру бойынша іс-шараларды үйлестіру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ортақ су пайдалану бағдарламасының әкімшісін тағайындайды.

    Алматы қаласының ортақ су

    пайдалану қағидаларына қосымша

    Алматы қаласының аумағындағы орналасқан су объектілерінде шомылуға тыйым салынған орындар

    Су объ­ек­ті­сі­нің ата­уы
    Су ай­ды­ны­ның ата­уы
    Су объ­ек­ті­ле­рін­де­гі орын­дар (ме­кен­жайы, ко­ор­ди­нат­та­ры және бас­қа­ла­ры)
    «А» және «Б» нүк­те­ле­рі­нің ара­сын­да­ғы қа­шық­тық, метр
    Жал­пы су­ды пай­да­ла­ну­ды шек­те­уле­рі
    «А»
    нүк­те­сі
    «Б» нүк­те­сі
    Ала­тау ауда­ны
    1
    Қар­ға­лы өзе­ні
    Бек­мұ­рат су қой­ма­сы
    43.323962° 76.785327°
    43.325255° 76.785378°
    150 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    2
    Кө­кө­зек су қой­ма­сы
    43.310976° 76.771729°
    43.312142° 76.775405°
    43.315444° 76.769264°
    43.316445° 76.773844°
    540 метр
    490 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    3
    Үл­кен Ал­ма­ты өзе­ні
    Үл­кен Ал­ма­ты өзе­ні Рай­ым­бек даң­ғы­лы­нан Ал­ма­ты об­лы­сы­мен ше­ка­ра­ға дей­ін
    43.247911° 76.864185°
    43.329433° 76.876042°
    8000 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    4
    Қа­ра­су өзе­ні
    Қа­ра­су ша­ғын ауда­нын­да­ғы көл
    43.335007° 76.909625°
    43.338178° 76.90958°
    350 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    5
    Те­рең­қа­ра өзе­ні
    Бай­бе­сік ша­ғын ауда­нын­да­ғы то­ған
    43.313841° 76.88568°
    43.31692°
    76.88511°
    345 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    Ал­ма­лы и Әу­э­зов ауда­ны
    6
    Үл­кен Ал­ма­ты өзе­ні
    Сай­ран су қой­ма­сы
    43.233468° 76.870542°
    43.246928° 76.863362°
    Ұзынды­ғы 1700 метр, ені 600 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    Бо­стан­дық ауда­ны
    7
    Үл­кен Ал­ма­ты өзе­ні
    Үл­кен Ал­ма­ты кө­лі
    43.05694° 76.984066°
    43.045363° 76.986565°
    су объ­ек­ті­сі­нің бар­лық кө­ле­мі
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    8
    Үл­кен Ал­ма­ты өзе­ні бө­гет­тен жо­ға­ры
    43.182666° 76.891257°
    43.185044° 76.89085°
    270 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    9
    Үл­кен Ал­ма­ты өзе­ні бө­гет­тен Абай даң­ғы­лы­на дей­ін Абай
    43.185147° 76.890949°
    43.232992° 76.87111°
    6000 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    10
    Есен­тай өзе­ні
    Есен­тай өзе­ні Әл-Фа­ра­би даң­ғы­лы­нан Абай даң­ғы­лы­на дей­ін
    43.220151° 76.9317°
    43.240369° 76.919461°
    3000 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    Же­ті­су ауда­ны
    11
    Қа­ра­су өзе­ні
    Ке­мел ша­ғын ауда­нын­да­ғы Пер­во­май то­ған­да­ры
    43.372711° 76.948014°
    43.376264° 76.952887°
    560 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    12
    Есен­тай өзе­ні
    Есен­тай өзе­ні Рай­ым­бек даң­ғы­лы­нан Во­ло­ча­ев­ская, 393Б кө­ше­сіне дей­ін,
    43.27217° 76.966728°
    43.293508° 76.973485°
    2500 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    Ме­деу ауда­ны
    13
    Те­рең­сай өзе­ні
    Юн­нат­ское кө­лі
    43.206211° 77.014459°
    43.207807° 77.014941°
    180 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    14
    Абы­л­ға­зы өзе­ні
    Көл­сай кө­лі
    43.209389° 77.000789°
    43.211477° 77.000208°
    240 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    15
    Жар­бұ­лақ өзе­ні
    Тіксай өзе­ні (Тік Ал­шақ­тық)
    43.267086° 77.006167°
    43.286427° 76.995163°
    2300 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    16
    Қа­ра­су 8
    43.293754° 76.979108°
    43.295165° 76.980867°
    230 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    17
    Есен­тай өзе­ні
    Есен­тай өзе­ні Бей­се­уов кө­ше­сі­нен Ке­рей-Жәні­бек хандар кө­ше­сіне дей­ін
    43.180367° 77.093722°
    43.189328° 77.000443°
    7500 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    18
    Кі­ші Ал­ма­ты өзе­ні
    Кі­ші Ал­ма­ты өзе­ні «Го­рель­ник» сар­қы­ра­ма­сы­нан Әл-Фа­ра­би даң­ғы­лы­на дей­ін
    43.141787° 77.066447°
    43.219776° 76.932195°
    17 000 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    19
    Ор­та­лық мә­де­ни­ет және де­ма­лыс са­яба­ғын­да­ғы көл
    43.237163, 76.945654
    43.237171, 76.945658
    су объ­ек­ті­сі­нің бар­лық кө­ле­мі
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    На­уры­з­бай ауда­ны
    20
    Са­пож­ни­ко­ва өзе­ні
    Ақ­сай-Қар­ға­лы ка­на­лы
    43.182552° 76.808484°
    43.196687° 76.809102°
    1600 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    Түрксіб ауда­ны
    21
    Кі­ші Ал­ма­ты өзе­ні
    Аэро­порт кө­лі
    43.337257° 76.99022°
    43.341129° 76.99671°
    весь объ­ем
    вод­но­го объ­ек­та
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    22
    Кі­ші Ал­ма­ты өзе­ні Рыс­құ­лов даң­ғы­лы­нан Под­дуб­ный кө­ше­сіне дей­ін
    43.293818° 76.973559°
    43.33834° 76.990502°
    5200 метр
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    23
    Қа­ра­су өзе­ні
    Пар­хач кө­лі
    43.295636° 76.969841°
    43.295763° 76.967368°
    весь объ­ем
    вод­но­го объ­ек­та
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған
    24
    Ше­сту­ха
    43.363126° 76.985249°
    43.359108° 76.984649°
    весь объ­ем
    вод­но­го объ­ек­та
    Шо­мы­лу­ға тый­ым са­лын­ған

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.