«Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 тамыз 2025 ж.

    «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 38 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26752 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесінде:

    7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «

    7.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­на, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гіне, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гіне, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның про­ку­ра­ту­ра ор­ган­да­ры­на және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гіне ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты әс­ке­ри, ар­на­у­лы оқу орын­да­рын қо­с­па­ған­да, мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­дың, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім­нің үл­гі­лік оқу жос­пар­ла­рын, үл­гі­лік оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын, мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту­дың, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры пе­да­гог­те­рі­нің бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры­ның бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын, ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на ар­нал­ған ва­ри­а­тив­тік кур­стар­дың оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын, тәр­бие және мек­теп­тен тыс жұ­мыс бағ­дар­ла­ма­ла­рын са­рап­та­ма­лық тал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру.
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді;
    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

    Ғ. Бейсембаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.