Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 123/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 тамыз 2025 ж.

    Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 123/29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Аққулы ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 123/29 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205018) келесі өзгерістер енгізілсін:

    1) 4-қосымшаның нөмірленуінде 2025 жылға арналған Жамбыл ауылдық округінің бюджеті:

    орыс тілінде «4» деген сан «7» деген санмен ауыстырылсын;

    мемлекеттік тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;

    2) 20-қосымшаның нөмірленуінде 2027 жылға арналған Малыбай ауылдық округінің бюджеті:

    орыс тілінде «20» деген сан «21» деген санмен ауыстырылсын;

    мемлекеттік тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;

    3) 118-қосымшаның нөмірленуінде 2026 жылға арналған Қызылағаш ауылдық округінің бюджеті:

    мемлекеттік тілде «118» деген сан «11» деген санмен ауыстырылсын;

    орыс тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын;

    4) 28-қосымшаның нөмірленуінде 2027 жылға арналған Шарбақты ауылдық округінің бюджеті:

    мемлекеттік тілде «28» деген сан «27» деген санмен ауыстырылсын;

    орыс тілдегі қосымшаның нөмірленуі өзгеріссіз қалдырылсын.

    2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Қасымова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.