Маңғыстау ауданы бойынша субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген), Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау ауданы бойынша субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы
Ж. Матаев
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2025 жылғы «4» тамыздағы
№ 21/ 254 шешіміне қосымша
Маңғыстау ауданы бойынша субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі
|
№
|
Маршрут нөмірі
|
Маршрут атауы
|
|
1
|
№1
|
«Онды-Шетпе-Онды»
|
|
2
|
№2
|
«Ұштаған-Шетпе-Ұштаған»
|
|
3
|
№3
|
«Ақшымырау-Қызан-Шетпе»
|
|
4
|
№4
|
«Жыңғылды-Отпан-Шетпе»
|
|
5
|
№5
|
«Шайыр-Шетпе-Шайыр»
|
|
6
|
№6
|
«Шебір-Тұщықұдық-Шетпе»
|
|
7
|
№7
|
«Сайөтес-Шетпе-Сайөтес»
|
|
8
|
№8
|
«Жармыш-Шетпе-Жармыш»
|
|
9
|
№9
|
«Шетпе ауылішілік»
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.