Алматы облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27 және 85-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының су қорғау аймақтары және белдеулері осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
4. «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі
М. Сұлтанғазиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су шаруашылығы комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «8» тамыздағы № 238 қаулысына 1-қосымша
|
№ п/п
|
Су объектісі
|
Су объектісінің су қорғау аймағының ені, метр
|
Су объектісінің су қорғау белдеуінің ені, метр
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1
|
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-070-545; 03-045-093-209; 03-045-093-200; 03-045-227-005) Ұзынқарғалы өзені
|
500
|
35
|
|
2
|
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-169, 03-045-093-911) Ұзынқарғалы өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
3
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-227-539) Ұзынқарғалы өзені
|
500
|
35
|
|
4
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-260) Ұзынқарғалы өзені (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
5
|
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері:
03-047-227-027, 03-047-227-057, 03-047-227-058, 03-047-227-059, 03-047-227-111, 03-047-227-118) Ақсай өзені
|
90-200
|
35
|
|
6
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-193-018) Түрген өзені
|
550
|
55
|
|
7
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-045-099-332) Ұзынқарғалы өзені (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
8
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-196-077) Қаскелең өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
100
|
|
9
|
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-045-093-1037, 03-045-099-303) Ұзынқарғалы өзені (сол жақ жағалауы) және Шолақ-Қарғалы өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
10
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-047-277-034) Ақсай өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
11
|
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-193-236; 03-044-193-237) Түрген өзені
|
550
|
35
|
|
12
|
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-044-237-442,
03-044-237-424) Қаратұрық өзені
|
500
|
35
|
|
13
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-023-332 Бесағаш өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
14
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірлері: 03-051-146-288, 03-044-023-256 Талғар өзені (сол жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
15
|
Қырғауылды өзені (оң жақ жағалауының ПК-18 + 877 шегінде ПК-21+00 дейін кадастрлық нөмірі: 03-047-292-2987
|
500
|
35
|
|
16
|
Жер учаскелерінің шекаралары шегінде (кадастрлық нөмірлері:
03-045-010-1034, 03-045-003-805) Аққайнарсай арнасы
|
500
|
35
|
|
17
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-047-062-412) Ащыбұлақсай өзені
|
500
|
35
|
|
18
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-149-125) Қарасу-Байсерке және Теренқара өзендері
|
500
|
100
|
|
19
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-044-265-289) Шелек өзені (сол жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
20
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-013-1477) Қоянқұс өзені (сол жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
21
|
Жер учаскесі шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі: 03-046-084-097) Қаскелең өзені (оң жақ жағалауы)
|
500
|
35
|
|
22
|
Тоқпанов ауылдық округінің, Асқар Тоқпанов ауылының, Асқар № 1493, 1536/8 жер учаскелерінің шекаралары шегіндегі (кадастрлық нөмірлері:
03-046-043-1493, 03-046-043-1797) Боралдай өзені (оң жақ және сол жақ жағалаулары)
|
500
|
35
|
|
23
|
Алатау қаласының шекарасындағы Қапшағай су қоймасы
|
1400
|
35
|
|
24
|
Алатау қаласының шекарасындағы Ащыбұлақ өзені
|
150
|
35
|
|
25
|
Алатау қаласының шекарасындағы Тереңқара өзені
|
150
|
35
|
|
26
|
Алатау қаласының шекарасындағы Жаңаталап өзені
|
150
|
35
|
|
27
|
Алатау қаласының шекарасындағы Оң Есентай өзені
|
150
|
35
|
|
28
|
Алатау қаласының шекарасындағы Қарасу-Түрксіб өзені
|
150
|
35
|
|
29
|
Алатау қаласының шекарасындағы Жалқамыс өзені
|
150
|
35
|
|
30
|
Алатау қаласының шекарасындағы Күтентай өзені
|
150
|
35
|
|
31
|
Алатау қаласының шекарасындағы Құрөзек өзені
|
150
|
35
|
|
32
|
Алатау қаласының шекарасындағы Талғар өзені (Саз Талғар саласы)
|
240
|
35
|
|
33
|
Алатау қаласының шекарасындағы Кіші Алматы өзені
|
240
|
35
|
|
34
|
Алатау қаласының шекарасындағы Қаскелен өзені
|
240
|
35
|
|
35
|
Алатау қаласының шекарасындағы Есентай өзені
|
150
|
35
|
|
36
|
Алатау қаласының шекарасындағы Қарасу-Байсерке өзені
|
150
|
35
|
|
37
|
Балқаш көлі (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 342,0 метр белгісінде алынған)
|
50-1000
|
50-100
|
|
38
|
Капшағай су қоймасы (су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 479,0 метр белгісінде алынған)
|
1000
|
100
|
|
39
|
Іле өзені (судың кемері орташа көпжылдық деңгейін су тасыған кезеңде жағалау еркеуіне және суы жайылған жер су қорғау аймағы мен белдеулері шекарасының ішіндегі)
|
300-1000
|
100
|
|
40
|
Кіші Алматы өзені
|
200-1000
|
35-100
|
|
41
|
Қаскелен өзені
|
240-1000
|
35-100
|
|
42
|
Талғар өзені
|
200-1000
|
35-200
|
|
43
|
Есік өзені
|
170-1000
|
35-100
|
|
44
|
Кіші Алматы өзені кадастрлық нөмірі 03-046-267-521 жер учаскесінің шекарасы шегінде
|
196-205
|
55
|
|
45
|
Талғар өзені кадастрлық нөмірі бар жер учаскесінің шекарасы шегінде
03-051-146-199
|
Талғар өзенінің 03-051-146-199 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасына сәйкес
|
Талғар өзенінің 03-051-146-199 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасына сәйкес
|
|
46
|
Талғар өзені кадастрлық нөмірі бар жер учаскесінің шекарасы шегінде
03-051-146-474
|
Талғар өзенінің 03-051-146-474 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасына сәйкес
|
Талғар өзенінің 03-051-146-474 кадастрлық номері жер участкісін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасына сәйкес
|
|
47
|
Қаскелең өзені кадастрлық нөмірі бар жер учаскесінің шекарасы шегінде
03-056-009-262
|
200
|
парапеттердің габариттерімен біріктірілген
|
|
48
|
Солдатская щель өзені
(судың кемері орташа
көпжылдық деңгейін су
тасыған кезеңде жағалау
ернеуіне және суы
жайылған жер су қорғау
аймағы мен белдеулері
шекарасының ішіндегі)
|
500
|
35
|
|
49
|
Безымяный жылғасы (судың кемері орташа көпжылдық деңгейін су тасыған кезеңде жағалау ернеуіне және суы
жайылған жер су қорғау
аймағы мен белдеулері
шекарасының ішіндегі)
|
500
|
35
|
|
50
|
Жер учаскесінің шекарасы шегіндегі Тереңқара өзеніндегі тоғандар (кадастрлық нөмір
03-044-128-119)
|
500
|
35
|
|
51
|
Көмірші өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
52
|
Мұраталы өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
53
|
Текенсаз өзені
|
500-600
|
100
|
|
54
|
Ақбеіт өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
55
|
Ақсай өзені (оң жағалау) жер учаскесінің шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі
03-047-277-002)
|
550
|
35
|
|
56
|
Қошқар өзені
|
500-600
|
100
|
|
57
|
Сұңқар өзені
|
500-550
|
100
|
|
58
|
Талды өзені
|
500-550
|
35-100
|
|
59
|
Тойсай өзені
|
500-550
|
100
|
|
60
|
Ұзынбұлақ өзені
|
500-550
|
35-100
|
|
61
|
Шибұт өзені
|
500-600
|
100
|
|
62
|
Шілікті өзені
|
500-600
|
35
|
|
63
|
Арлыкголсай өзені
|
500-550
|
100
|
|
64
|
Ақтан (Ушарал) өзені
|
500-550
|
35-100
|
|
65
|
Ақтам өзені
|
500-550
|
100
|
|
66
|
Қызылащы өзені
|
500-550
|
35-100
|
|
67
|
Манапка (Қызылағаш) өзені
|
500-550
|
35
|
|
68
|
Нарынқол өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
69
|
Ойқайың өзені
|
500-550
|
35
|
|
70
|
Сарыбұлақ өзені
|
500-550
|
100
|
|
71
|
Үлкен Алматы Каналы
|
36-500
|
35
|
|
72
|
Бөдеті өзені
|
500-550
|
100
|
|
73
|
Байғожа өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
74
|
Қайназар өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
75
|
Алтай көлдері жүйесі
|
500
|
100-150
|
|
76
|
Щипалка өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
77
|
Шығыс Қарабұлак өзені
|
500-600
|
100
|
|
78
|
Саты өзені
|
500-600
|
100
|
|
79
|
Кіші Жалаңаш өзені
|
500-600
|
100
|
|
80
|
Чадай бұлағы
|
500-600
|
35-100
|
|
81
|
Муаш өзені
|
500
|
100
|
|
82
|
Түрген-Қарасу өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
83
|
Бахтияр өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
84
|
Төрткөл өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
85
|
Жарылған өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
86
|
Баубек бұлағы
|
500-600
|
35-100
|
|
87
|
Үлкен Шарын өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
88
|
Тас Шарын өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
89
|
Қайназар өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
90
|
Шақабай өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
91
|
Шолақ-Қарғалы өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
92
|
Тюремный өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
93
|
Сасықпай-Қарасу өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
94
|
Кұтырған өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
95
|
Алдияр өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
96
|
Шығыс Дегерес өзені
|
500-600
|
100
|
|
97
|
Қарасу-Южный өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
98
|
Сарғамыс өзені
|
240-600
|
35-100
|
|
99
|
Сорбұлақ өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
100
|
Бестерек-Қарасу өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
101
|
Есентай (Весновка) өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
102
|
Қотырбұлақ өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
103
|
Джигитовка өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
104
|
Қарасу өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
105
|
Мутная протока
|
500-600
|
35-100
|
|
106
|
Аршалысай өзені
|
500-600
|
100
|
|
107
|
Көксай өзені
|
500
|
100
|
|
108
|
Самамбай-Карасу бұлағы
|
500-600
|
35-100
|
|
109
|
Река Жинишке
|
500-600
|
35-100
|
|
110
|
Лушев өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
111
|
Рахат-Микушенко өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
112
|
Саламатка өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
113
|
Могильный бастауы
|
500-600
|
35-100
|
|
114
|
Садырсу өзені
|
600
|
100
|
|
115
|
Бесағаш өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
116
|
Көльсай өзені
|
500-600
|
100
|
|
117
|
Терісбұтақ өзені
|
500-600
|
100
|
|
118
|
Кенсай өзені
|
500
|
100
|
|
119
|
Қара-Арша өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
120
|
Грязный бұлағы
|
500
|
100
|
|
121
|
Жылысай өзені
|
500
|
35-100
|
|
122
|
Байтал-Саз өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
123
|
Сүмбе өзені
|
500-600
|
100
|
|
124
|
Ұзын-Бұлақ бұлағы
|
500-600
|
55-100
|
|
125
|
Хасан өзені
|
500-600
|
100
|
|
126
|
Қара-Джерік өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
127
|
Ақтерек өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
128
|
Жарсу өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
129
|
Хасансай бұлағы
|
500-600
|
55-100
|
|
130
|
Ұзын-Құнғайлы-Басы өзені
|
500
|
35
|
|
131
|
Шұнқұрсай өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
132
|
Құрметті өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
133
|
Кішікаксусай өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
134
|
Шет-Шийбут өзені
|
500-600
|
100
|
|
135
|
Талдысай өзені
|
500-600
|
55-100
|
|
136
|
Супатсай өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
137
|
Бельшабар өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
138
|
Иссычка өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
139
|
Ташты-Қара өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
140
|
Талдыбұлақ өзені
|
500-600
|
100
|
|
141
|
Қырғауылды өзені
|
500-600
|
35-100
|
|
142
|
Қарасу Байсерке өзені
|
500
|
35-100
|
|
143
|
Долайты өзені
|
500
|
55
|
|
144
|
Үлкен Ақсу өзені
|
500
|
35-55
|
|
145
|
Кіші Ақсу өзені
|
500
|
35
|
|
146
|
Құрметті өзені
|
500
|
35-55
|
|
147
|
Қақпақ өзені
|
500
|
35-55
|
|
148
|
Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік шекарасындағы Қапшағай су қоймасы (25 км)
|
500-1000 (Балтық жүйесінің 479,0 метр белгісінен)
|
35-100 (Балтық жүйесінің 479,0 метр белгісінен)
|
|
149
|
Қотырбұлақ өзені кадастрлық нөмірі (03-051-065-9160) жер учаскесінің шекарасы шегінде
|
500
|
35
|
|
150
|
«DAMU-Қайрат-1» логистикалық паркінің жер учаскелері шегіндегі Қарасу-Байсерке өзені
|
500
|
35
|
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «08» тамызындағы № 238 қаулысына 2-қосымша
Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі
1. Жерүсті су объектілерінде:
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «08» тамызындағы № 238 қаулысына 3-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы №278 «Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6024-05 болып тіркелген) қаулысы;
2. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 мамырдағы №168 «Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы «Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы» № 278 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6117-05 болып тіркелген) қаулысы;
3. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы №209 «Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы «Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы» № 278 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6133-05болып тіркелген) қаулысы;
4. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 231 «Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы «Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы» № 278 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6143-05 болып тіркелген) қаулысы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.