«Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 тамыз 2025 ж.

    «Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 1000 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған диплом нысанын бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы

    М. Калиакпаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Көлік министрінің міндетін

    атқарушы 2025 жылғы

    5 тамыздағы № 256

    Бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және

    даму министрінің

    2015 жылғы 22 қазандағы

    № 1000 бұйрығына

    қосымша

    Нысан

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ

    МИНИСТЕРСТВО ТРАНСПОРТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған ДИПЛОМ для лиц командного состава судов

    № _____(НИКАД) (номер и код административного документа)

    ФОТО
    ТЕГІ / ФАМИЛИЯ

    [ ]

    АТЫ / ИМЯ

    [ ]

    ӘКЕСІНІҢ АТЫ (БАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА) / ОТЧЕСТВО (ПРИ ЕГО НАЛИЧИИ)

    [ ]

    ЛАУАЗЫМ АЛУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР /
    ИМЕЕТ ПРАВО ЗАНИМАТЬ ДОЛЖНОСТЬ

    [ ]

    КЕМЕЛЕР ТОБЫ / ГРУППЫ СУДОВ

    [ ]

    БЕРГЕН ОРГАН / ОРГАН ВЫДАЧИ

    [ ]

    БЕ­РІ­Л­ГЕН КҮ­НІ / ДА­ТА ВЫ­ДА­ЧИ

    [ ]

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) негізінде.

    На основании приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11234).

    ЭЦП подпись

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.