Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 шілде 2025 ж.

    Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 5,1200 гектар жер учаскесінде «Урицк-Транзитная» ӘЖ-110 кВ жер учаскесін салу үшін «Межрегионэнерготранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға әкім қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы қаулы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберіледі;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сарыкөл ауданының әкімі

    М. Шымырбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.