«Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 81 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 шілде 2025 ж.

    «Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 81 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    С. Жумангарин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.