«Зерттеу өрт сынақ зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 шілде 2025 ж.

    «Зерттеу өрт сынақ зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Зерттеу өрт сынақ зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15540 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зерттеу өрт сынақ зертханалардың қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы қағидалар (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдарының зерттеу өрт сынақ зертханалары (бұдан әрі – ЗӨСЗ) қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.