2025 жылға Павлодар облысы бойынша басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2025 ж.

    2025 жылға Павлодар облысы бойынша басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 140838 болып тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2025 жылға басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары;

    2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2025 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.

    2. «Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А. Байханов

    Павлодар облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «4» тамыздағы

    № 213/1 қаулысына

    қосымша

    2025 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
    Өлшем бірлігі, тонна, гектар
    1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге
    1
    Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
    гектар
    5 153 301
    2
    Қарақұмық
    тонна
    20 000

    Павлодар облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «___» _________

    № ______ қаулысына

    2-қосымша

    2025 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

    Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, мың теңге
    1
    Жергілікті бюджет
    500 000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.