Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 4 тамыз 2025 ж.
«Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8, 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:
«
|
8
|
«Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолын
(433-946 км «Жезқазған-Қарағанды» учаскесі) реконструкциялау
|
1171860579000 теңге
|
2025 – 2045 жылдар
|
996072188000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы).
Бірінші кезең шеңберіндегі мемлекеттік
кепілдік сомасы 650000000000 теңгеден
аспайды (қарыз валютасына баламалы):
2025 жыл – 325000000000 теңге (Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі), 2026 жыл – 325000000000 теңге (Азия инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі)
|
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
|
Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі
|
|
9
|
Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш қаласының айналма жолын салу
|
237396000000 теңге
|
2025 – 2048 жылдар
|
201786600000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)
|
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
|
Азия Даму Банкі
|
|
10
|
Республикалық маңызы бар А-27 «Атырау-Доссор» 598-512 км автомобиль жолын реконструкциялау
|
138411800000 теңге
|
2025 – 2048 жылдар
|
121802400000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы), оның ішінде 2025 жылға – 44600000000 теңге, 2026 жылға – 77202400000 теңге
|
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
|
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.