Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 180 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 тамыз 2025 ж.

    Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 180 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 180 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8590-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен айқындалған Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінде:

    9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    М. Дауылбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.